Белгілі жүргізуші, актриса Нұрбигүл Егізова екінші рет ана атанды
Белгілі жүргізуші, актриса Нұрбигүл Егізова екінші рет ана атанды
Танымал жүргізуші, актриса Нұрбигүл Егізова екінші рет ана атанды. Бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазба қалдырған деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі.
"Аллаға сансыз мадақ! Екінші рет ана атандым. Ұлымыздың есімі Рахман!",-деп жазады ол.
Желі қолданушылары жақсы тілектерін жаудырған. "Құтты болсын! Бауы берік болсын!", "Жаныңның аман қалып, құлыншағыңды бауырыңа алғаның қайырлы болсын!", "Әйтеуір бір жақсы жаңалық, осындай керемет жаңалықтарды хабарлайықшы?!", "Абдурахман қою керек еді. Сауабы күшті болады. Баланың екі дүниесіне де жақсы" деп кеңес айтқандар да кездеседі.
Еске сала кетсек, 3 мамыр күні елорданың біріндегі шаштаразға барған Нұрбигүл Егізованың басы дауға қалған болатын. Желі қолданушылары Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиевтің жары карантин кезінде шашын ретке келтіргені үшін киліккен еді.