Тележүргізуші Тимур Балымбетов үйленді
Тележүргізуші Тимур Балымбетов үйленді
Қазақстандық тележүргізуші Тимур Балымбетов шаңырақ құрды. Бұған дейін сүйіктісін көпшілікке таныстырған ол ақ құсын қолына қондырды.
парақшасында жария етті. Ол сүйіктісі екеуі атаулы күнді атап өтті. Ешқандай той-жиынсыз үйленді.
"Бұл менің әйелім. Оны өмір бойы күттім", - деп жазды тележүргізуші.
Бұған дейін Балымбетов сүйіктісі барын айтып, оны көпшілікке жария етті. Сезімін ашық айтып, ұсыныс білдірген болатын. Бұл жолы жары етіп алғанын жасырмайды.
Екі жас ең маңызды күнді мейрамханада атап өтті. Олар жетінші айдың жетінші жұлдызын атаулы күн етіп таңдаған. Қалыңдық көйлек те, той да болған жоқ. Бұның себебі карантин талабына байланысты болса керек.
Желідегі қолданушылары жас жұбайларға бақыт тілеп, тілектерін арнап жатыр.
"Той тойға ұлассын, Тимур! Дастархандарыңыз мол болсын!", "Құтты болсын Бәлеке! Лаура екеуің мәңгі бақи бір бірлеріңді сүйіп, құрметтеп өтіңдер. Алла тағала кішкентай, дендері сау балалар нәсіп етсін. Екеуің бір біріңе сай жансыңдар, өте қуаныштымын", "Бақытты болыңыздар, дендеріңіз сау болсын", - деп жазды олар.