Қазнет қолданушылары аурухана төсегінде жатқан науқастың видеосын таратып жатыр.
Видеоны Екібастұз пабликтерінің бірі Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Видеода ер адам темір төсекте бір қырымен жатыр. Ентігіп жатқанына қарағанда әрең тыныс алғанын көруге болады. Жағдайының ауыр болғанына қарамастан, науқас кәдімгі палатада бес литрлік ыдысқа салынған оттек таяқшаларымен тыныс алып жатыр.
"Адамдар, жағдай осындай. Адамдар өліп жатыр. Кеше біреуі қайтыс болды, қазір міне екіншісі", - дейді кадр сыртындағы дауыс. Басқа науқастар да көршісінің қиналғанын естіп үнсіз жатыр.
Видеороликтің екінші бөлігінде ер адам шалқалай қимылдамай жатыр. Ал кадр сыртындағы дауыс "Болды, кетті, дем ала алмады" деп айтады.
Tengrinews.kz редакциясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне видеороликке байланысты ресми сауалхат жолдады.