Жаңалықтар

Тараз қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Тараз қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

 width= Сәдубаев Алмас Қадырбекұлы Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы шаһар басшысының сайтында хабарланды. "Тараз қаласы әкімінің 2020 жылғы 8 шілдедегі №225ж/қ өкімімен Сәдубаев Алмас Қадырбекұлы Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды", - делінген құжат мәтінінде. Алмас Сәдубаев 1984 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген, білімі жоғары. 2005 жылы  М.Х.Дулати атындағы университеттін "Журналистика" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы "Қазақстан-Тараз" телеарнасының жаңалықтар бөлімінің редакторы болып бастаған. 2005-2008 жылдары, жаңалықтар бөлімінің редакторы, "Қазақстан ұлттық телеарнасы" АҚ PR-директоры; 2008-2010 жылдары республикалық "Заң" газеті және журналының бас редакторы; 2010 жылы- Жоғарғы сот төрағасының баспасөз хатшысы; 2010-2011 жылдары- президент әкімшілігінің сарапшысы; 2011-2015 жылдары "ҚР ІІБ Медиа орталығының" бас директоры, Ішкі істер министрінің баспасөз-хатшысы болған. Жаңа қызметіне дейін Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры лауазымын атқарып келген.Барлық құқықтар сақталған.