Шымкент: жол жөндеу жұмыстары аяқталды
Шымкент: жол жөндеу жұмыстары аяқталды
Шымкент қаласының жоспарлы жол жөндеу жұмыстары аяқталып, іске қосыла бастады. Атап айтқанда:
- Шаңырақ шағын ауданы, Атамұра көшесін орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Көшенің ұзындығы 0,290 шақырым, ені 5 метр.
- Бетховен көшесінің орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Көшенің ұзындығы 0,072 шақырым, ені 4 метр.
- Орманшы тұрғын алабы, Төлеби көшесінің орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Көшенің ұзындығы 0,250 шақырым, ені 5 метр.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі