Алтынай Жорабаева: Салют жаман ырым деп ойлаймын

Алтынай Жорабаева: Салют жаман ырым деп ойлаймын

ашық дереккөзі

 width= Қазақстан республикасының «Еңбек сіңірген қайраткері», әнші Алтынай Жорабаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Елорда күні атылған от шашуға пікірін білдірген екен.   "Мынау не мазақ ?! Ақталғандарының түрі ме? 1-сыныптың баласына айтып отырғандай. Сол дәрігерлерге шын жандарың ашыса, осы кеткен миллиардтарды премия ретінде беретін едіңдер ғой ! Осыған ақша бөлгенсіп, сол жерден ақша жеу ғой, негізі. Өз басым отшашу дегеннен кішкентайымнан қорқамын. Кәдімгі бір соғыс болып жатқандай естіледі ғой, Алла сақтасын. Жорабай атам соғысқа барған кездерін, қаншама бомбадан Алла сақтап, аман қалғанын айтып беретін. Содан соғыс туралы киноларды көріп, атамның айтып бергені көз алдыма елестеп, сондай қорқыныш қалып қалған. Студент кезімде, 31 желтоқсан күні , кешке құдашам алаңға барайықшы деп. Қорқамын деп айтуға ұялдым. Сол қорқынышымды мүмкін жеңетін шығармын деп , тәуекел деп алаңға бардық . Құдайдың құдыреті , біреудің қолыңдағы атып жатқанының ұшқыны менің шашыма тиіп, шашым өртене бастады. Әйтеуір қолыммен сабалап, Алла сақтап өшірдік. Бәрібір, салют жаман ырым деп ойлаймын",- деп жазба қалдырған. Айта кету керек, бұған дейін бүкіл әлемді мойындатып, өнерімен де, дарынымен де танылған Димаш Құдайберген от шашуға байланысты өзінің наразылығын білдіріп, жазба қалдырған болатын.

Жүктелуде...