Жаңалықтар

Түркістан облысында мобильді топтардың қызметін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» төлейді

Түркістан облысында мобильді топтардың қызметін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» төлейді

 width= Бұл жөнінде қордың Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев хабарлады. Асхат Бейсенбаевтың айтуынша, «Мобильді бригадалар ЖРВИ/КВИ/тұмау/пневмония белгілері пайда болған кезде пациенттердің үйінде ПТР-тестке материал жинауды жүргізеді.
«Сондай-ақ, аталған топтар науқастарға диагноз қойып, медициналық тексеруден өткізеді. Тұрғындар үшін қызметтің бұл түрі тегін болады. Осы қызметтерді көрсеткен емханаларға ақыны «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ төлейді», – деді, филиал директоры.
Қордың филиал директоры мобильді бригаданың қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен, пульсоксиметрлермен және басқа да қажетті көмек көрсету және сол жерде кеңес беру құралдарымен қамтамасыз етілетінін де атап өтті.

Дереккөз: coronavirus2020.kz