Жаңалықтар

АҚШ ДДСҰ-дан шығатынын ресми түрде мәлімдеді

АҚШ ДДСҰ-дан шығатынын ресми түрде мәлімдеді

Шілденің 6 күні Вашингтон БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гуттеришке АҚШ-тың бір жылдан кейін ДДСҰ-нан шығатынын мәлімдеді.  width= Пандемия басталғалы АҚШ президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын бірнеше рет сөкті. Атап айтқанда, ұйым Қытайда басталған коронавирус туралы ақпаратты және сенімді деректерді жарияламай, оларды сырып қойды дейді.  Сонымен қатар, Пекиннің айтқанына көнді деген бірнеше айып таққан болатын. Айта кету керек, АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындағы ең ірі донор саналады. Ұйымдағы бюджет үлесі – 15 %.