Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
8 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Өткен демалыста 7 бала суға батып кетті

Өткен демалыста 7 бала суға батып кетті

Өткен демалыста 7 бала суға батып кетті
ашық дереккөзі
 width= Тек өткен демалыстың өзінде еліміздің әр аумағында 7 бала суға кетіп, қыршыннан қиылды. Сұмдық статистиканы алға тартқан құтқарушылар шіліңгір ыстықта ойын баласын үйде қамап ұстап отыру қиын болса да , ең болмаса есік алдына ойнауға шыққан баланы бақылаңдар деп отыр. Бұл туралы Newsroom.kz+Ақпарат Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. https://youtu.be/-7OHaBEJJ5c Суға батып кеткен балалардың дені  10 мен 14 жастағы жасөпірімдер. Бәрі де суға түсуге тиым салынған жерде шомылыпты. Батыс Қазақстан облысында 6 жастағы ер баланың денесін құтқарушылар әлі іздеп жатыр. Ал Ақтөбенің Алға ауданында суға кеткен 12 жастағы бала сол күні ауыл шетіндегі өзенге достарымен бірге барған. Әкесі үйінде, анасы ауруханаға кетіпті. Оқушы жағадан 4-5 метр жерге жүзіп кеткен. Бұл да  тиым салынған жер болып шықты. РУСЛАН САХИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ АЗААТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Қарақобда өзенінде суға шомылу барысында 2008 жылы бала суға кетіп,жергілікті тұрғындармен 1,5 метр судан алып шықты.+ Суға шомылу маусымы басталғаннан бері тыйым салынған жерлерде шомылған 10 адам суға кетті»»)) Тұрғындарға қанша ескерткенімен, ешкім құлақ аспағаннан кейін, құтқарушылар әрбір жабайы жағажайды аралап рейд жүргізеді. Жергілікті полиция қызметінің атты әскерлері, курсанттар бірлесіп жүріп ескерту жасап, жадынамалар таратады. «Обязательно прочитайте. И в таких местах вообще запрещено купаться. Это- памятка». Жағада жүрген құтқарушылардың ескертуінен кейін екі баласын жетектегін мына жігіт судан шыға, үйіне асықса, ал балық аулауға келген мына тұрғын карантин туралы естімедім, дейді. ЖАНДОС, ТҰРҒЫН: «2  апталық карантин туралы білесіз ба? Жоқ, естіген жоқпын. Суға түсіп жатқан жоқпын. Тек балық аулаймын. Осында демалам. Көлеңке. Күн ыстық. Үй жақта көлеңке де жоқ. Осы жерге келем сосын» Мамандар әр тұрғынға белгіленбеген жерде суға шомылудың қаупін түсіндіріп,оған қоса карантин кезінде жағажайлардың жұмысына тиым салынғанын да ескертті. Ал ескертуге құлақ аспай, қоғамдық тәртіпті бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Жалпы, суға түсу маусымы басталғалы облыста 200 адам ескерту алған.