Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
8 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Елорда күні: От болып ұшқан парацетамолдар

Елорда күні: От болып ұшқан парацетамолдар

Елорда күні: От болып ұшқан парацетамолдар
ашық дереккөзі
 width= От болып ұшқан парацетамолдар-ай. Кеше бас қалада атылған салютке желідегі жұрт осылай баға берді. Елорда күніне орайластырылған мерекелік от шашу шарасы шыны керек көптің наразылығын туғызды. Күн бұрын қала билігі от шашу онлайн болады, мемлекеттік телеарналардан көруге болады деп аңдатпа бергенімен, алаң көңілдің орныққаны көрінбейді. Бұл туралы Newsroom.kz+Ақпарат Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. https://youtu.be/iye_DUjTpDI «Пир во время чумы. Это вам не лекарству в аптеках искать.Но ребенку нравится на Фврк смотреть. Елорда тұрғындарының осы сарындағы видеолары Ютуб желісінде толып жүр. Айта кету керек, қала билігі күн бұрын от шашу онлайн көрсетіледі деп алдын ала хабарлады. Фейерверкті көшеден тамашалайтындарға барлық санитарлық талаптарды сақтау сұралды. Дегенмен көптің көңілін күпті еткен мүлде басқа нәрсе. Қазір адамдар мыңдап ауырып, жүздеп жан беріп жатқанда оттан шашу шашу санаға сиыңқырымайды, дейді. «Осындай проблема кезінде + жасағаны мне кажется это не очень. Потому что как будто празднуем что ли. 22 наурызды тойлаған жоқпыз». «Мынандай жағдайда адамдардың көңіл-күйі дұрыс емес деп ойлаймын. Сондықтан қажеті де жоқ шығар деп, салют атпасада болатын еді» «Можно было эти деньги че то в другое русло направить. Даже маски купить какие то. Препараты купить для больницы». «Карантинда салюті не керек. Халықтың жағдайын ойлау керек». Бүгін елорда әкімдігі, дәлірек айтсақ қалалық мәдениет басқармасы от шашу шарасына қатысты былай деп түсініктеме берді. "Астана күніне отшашу жыл басында жоспарланған болатын, демеушілер материалдар сатып алып, орындарды анықтады. Бұл фейерверк қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеруге, коронавируспен күресте алдыңғы қатарда тұрған медицина қызметкерлерін қолдауға арналған". НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫ Әрине билік орындарының халыққа жанашырлықпен қарағаны жақсы-ақ тек ол от шашу формасында болмауы керек еді деп жазды кейбіреулер. Мәселен Айнұр есімді желі қолданушысы билікке подсказка деп пост жазды. От шашуды қытайлар о баста бәле жаланы аластау үшін ойлап тапқан. Тым құрыса солай деп ақталу керек еді деп ойымен бөлісті. Ал Тәуірбек есімді тағы бір қолданушы, көңіліміз көтеріліп қалды, алла разы болсын сіздерге деп сүйініш білдірді. Алайда бұның сарказм екенін аңдау қиын емес. Біз көшедегі жұрттан да сұрап көрдік. От шашу рухты көтеріп, көңілге медеу бола алды ма деп. «Нет ни капельки. Нет не знал». «Өзіме жалпы салют ұнамайды. Сондықтан ешқандай әсер ала алмадым өкінішке орай. Жоқ оны сізден ғана естіп тұрмын шынымды айтсам». «ааа да ладно. А я думала президент үшін или день города нет» Айтпақшы медицина қызметкерлеріне қолдау мақсатында деді емес пе мәдениет басқармасы. Олардың бірінен сұраудың сәті түсті. Сұрақ екеу. Қолдауды сезіндіңіз бе және медиктердің рухын дәл қазір не көтереді? Айта кету керек, биыл қала күнін дүркіретіп тойлаудан билік бас тартты. Бұған қалыптасқан ахуалдың себеп екені анық.