Баталов Елордада ем алып жатыр
Баталов Елордада ем алып жатыр
22 маусым күні Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коронавирус жұқтырған туралы ақпарат ресми түрде жарияланған болатын. Қазір облыс әкімі Нұр-Сұлтан қаласындағы кардиологиялық орталықта ем алып жатыр деп, хабарлайды Newsroom.kz ақпараттық агенттігі.
Облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов онлайн-брифинг кезінде жағдайға байланысты пірі білдірді:
«Өздеріңіз білетіндей, Амандық Ғаббасұлыда коронавирус үш апта бұрын анықталды (22 маусым-автор). Ол емделді, бірақ ентігу мен жүрек жетіспеушілігінің басталуына байланысты дәрігерлер оны Нұр-сұлтан кардиологиялық орталығына жатқызу туралы шешім қабылдады», - деді Батыржан Байжұманов.Қазір облыс әкімінің жағдай бірқалыпты. Жақын арада емделіп, жұмысқа қайта оралуы мүмкін.