Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
8 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Баталов Елордада ем алып жатыр

Баталов Елордада ем алып жатыр

Баталов Елордада ем алып жатыр
ашық дереккөзі
22 маусым күні Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коронавирус жұқтырған туралы ақпарат ресми түрде жарияланған болатын. Қазір облыс  әкімі Нұр-Сұлтан қаласындағы кардиологиялық орталықта ем алып жатыр деп, хабарлайды Newsroom.kz ақпараттық агенттігі. Облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов онлайн-брифинг кезінде жағдайға байланысты пірі білдірді:
«Өздеріңіз білетіндей, Амандық Ғаббасұлыда коронавирус үш апта бұрын анықталды (22 маусым-автор). Ол емделді, бірақ ентігу мен жүрек жетіспеушілігінің басталуына байланысты дәрігерлер оны Нұр-сұлтан кардиологиялық орталығына жатқызу туралы шешім қабылдады», - деді Батыржан Байжұманов.
Қазір облыс әкімінің жағдай бірқалыпты. Жақын арада емделіп, жұмысқа қайта оралуы мүмкін.