Енді жедел жәрдемге коронавирусқа қатысты өзіңізді толғандырған кез-келген сұрақ бойынша хабарласа аласыз. Сол үшін диспетчерлік бекеттерде қосымша кеңес беретін желі ашылды. Қаладағы бірнеше емханалардан жиналған мамандар тәулік бойы "Covid" инфекциясы бойынша кеңес бере алады. Ал, жедел жәрдем көлігін де бұрынғыдай сағаттап күтпейсіз шұғыл көмек керек болғанда оларда келуге дайын. Сондай-ақ, күні кеше Ресейден бір топ білікті мамандар келіп, Отандық медицинаның әлеуетімен танысты. Қонақтар қандай кеңес берді? Бұл туралы
Newsroom.kz+Ақпарат Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
https://youtu.be/yHiggx2ofK0
"Бұл - Елордадағы жедел жәрдем станциясына күніне орта есеппен 4 мыңнан астам қоңырау келіп түседі екен. Қазір, мұнда 15 жедел жәрдем көлігі бар. Олардың жұмысы күні-түні толастамай тұр. Себебі, жедел көмекке мұқтаж болған жандар, өздерінің жағдайларын айтады".
Бас қаладағы қоңыраулардың барлығы дәл осы диспетчерлік орталыққа келіп түседі. Мұндағы мамандар, тұрғындар жағдайының ауырлығына қарай, қоңырауларды бірнеше категорияға бөліп қарастырады.
РАИСА АБУОВА, ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
«Халықтың басым бөлігі, жаңағы өздерінде вирустың симптомдары болсын, болмасын, ПЦР тапсырып және КТ-дан өту. Оның адам ағзасына да зияны бар. Егер, адам денсаулығында ондай қауіп болмаса, ол зерттеулердің де бет алды өтудің аса қажеттілігі жоқ. Сол сұрақтарға жауап беру үшін кеңес орталығы құрылды. Барлық қала тұрғындары сол кеңес орталығына хабарласа алады. 705-103 нөмірі арқылы".
Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, жедел жәрдем станциясында шұғыл кеңес беретін штаб құрылған. Мұнда да қаладағы емханалардан арнайы тартылған дәрігерлер жұртты толғандырған сұрақтарға жауап береді.
ЗІЛИХА СЕКСЕНОВА, ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ДИСПЕТЧЕР КЕҢЕСШІСІ:
"Қазір, "Covid" ауруы бойынша көбейіп кетті. Сондықтан біздер мына жерде консультация жасаймыз. Күнде 38, 40, 50 звонок келеді бізге. Телефонмен хабарласқанда "Консультация по "Covid" деген соң біздерге түседі звонок. Біз консультация жасаймыз. Егер, больной нашарлап жатса, одышка, кашель, тяжелый состояние болса үйге скорый шақыртамыз".
Ал, күні кеше Ресейден көмек қолын созу үшін бір топ маман келген еді. Әуежайдан түскен бетте олар білек сыбана жұмысқа кірісіп кетіпті. 32 адамнан құралған топқа көрші елдің денсаулық сақтау вице-министрі Сергей Гриднев жетекшілік етеді. Бірқатар медициналық ұйымдарды аралаған қонақ отандық мамандармен тәжірибе алмасты. Шенеуніктің сөзінше, вирусты жеңу үшін дәрігерлер жұмыла еңбек етіп, санитарлық талаптарды қатаң сақтауы қажет. Сондай-ақ, ол еліміздегі ақ халаттыларға амбулаториялық емге баса назар аударуға кеңес берді.
ОЛЕГ ГРИДНЕВ, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
"Қазақстанға мамандар ең бірінші стационарлық көмек көрсету үшін келді. Оның ішінде, реаниматолог дәрігер, инфекционист, пульмонологтар бар. Яғни, біздің тарап көрші елге қжает болып тұрған дәрігерлерді тартуға тырысты. Сондай-ақ, еліміздегі көшбасшы фтизопульмонология орталығының қызметкерлері келді. Олар мұнда эпидемиологиялық жағдаймен танысатын болады".
Елімізде білікті кадрлар да некен-саяқ. Болған күннің өзінде, көбісі жасы келген мамандар. Сол үшін бүгінде жетекші жоғары оқу орындарының жоғары курсында оқитын студенттер де кеселмен күресу үшін тартылған. Мәселен, бір ғана Елордадағы инфекциялық ауруханаға 400-ден астам жас маман шақыртылыпты. Оларға айлық та төленіп жатыр екен.
АҚБОТА ТҰРАРОВА, ЕРІКТІ:
4042-01, 00:08 "Медицина университетінде оқимын осы Астана қаласында. 7 курсты бітірдім. Мамыр айынан бастап волонтер болып жұмыс істеймін. + 03:15 Біз мысалы волонтер болған кезде қай жұмысқа тұрамыз соған байланысты. Мысалы, дәрігер болып тұрсақ орта есеппен дәрігердің ақысы төленетін. + 03:50 Өйткені, жұмысшылар аз дәрігерлер жетпейді. Біз 10-на диплом аламыз. Сол себепті бізге уступка жасалды.
Жедел жәрдем станциясына түсіп жатқан қоңыраулардың өткен аптамен салыстырғанда айтарлықтай азайыпты. Сонда да, дәрігерлер бірнеше ауысымда халықты толғандырған сұрақтарға жауап беруге дайын. Қажет болса, мекен жайыңыз бойынша тіркелген емханаға жолдама береді екен. Ақ халаттылар тұрғындарды уайымға салынбай, санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырады.