Жаңалықтар

«Әлемнің 7 кереметі» жаңарғанын білесіз бе?

«Әлемнің 7 кереметі» жаңарғанын білесіз бе?

«Әлемнің 7 кереметі» деген қайдан шықты? Адамзат қолымен жасалған ғаламат сәулет ескерткіштерін тізбелеп оның ең үздіктерін «Әлемнің  кереметі» деп атау ең алғаш сонау б.з.д. ІІІ ғасырда өмір сүрген Геродоттың «Тарихынан» белгілі. Мұндағы «7» санын зерттеушілер жер бетіндегі сүтқоректілердің барлығының мойын омыртқасы 7 бөліктен тұратынымен байланыстырады. 2007 жылдың 7 шілдесі күні Португалия астанасы Лиссабон қаласында «Әлемнің жеті кереметінің» жаңа тізімі жарияланды. Бұл жолы Халықаралық «The New 7 Wonders of the world» коммерциялық емес қоры әлемдік сәулет өнерінің үздік деген 7 нысанын телефон және интернет жіберілген SMS  арқылы анықтады.
  1. Колизей (Рим, Италия)
  2. Ұлы қытай қорғаны (Қытай);
  3. Мачу-Пикчу (Перу);
  4. Петра (Иордания);
  5. Тәж-Махал (Агра, Үндістан);
  6. Иса пайғамбардың мүсіні (Рио-де-Жанейро, Бразилия);
  7. Чичен-Ица (Юкатан, Мексика).
 width= Естеріңізге сала кетейік, Геродоттың заманында 7 кереметке төмендегі нысандар кірген:
  1. Гиза пирамидалары (Мысыр б.з.д. XXVI-XXIII ғ.ғ.)
Мысыр жерінде жүздеген пирамида бар. Бірақ оның ішінде ең жақсы сақталғаны аталған пирамида.
  1. Семирамиданың аспалы бақтары (Бабыл)
Бұл аспалы бақ Бабылда б.з.д. 605-562 жылдары билік құрған Навуходоносор II патшаның тұсында салынған деседі. Өкінішке қарай, аталмыш бақ біздің дәуірімізге жетпеді.
  1. Ежелгі грек қаласы Эфестегі Артемида храмы (Түркия)
Ежелгі гректердің аңшылық құдайы Артемиданың құрметіне б.з.д . VI ғасырда тұрғызылған бұл кешенде 127 патшаның құрметіне қойылған әрқайсысы 18-метрлік 127 баған болған деседі. 4. Олимпиядағы Зевстің мүсіні (Грекия -б.з.д . V-ғ.) 5. Галикарнас мавзолейі (Түркия) Бұл ғаламат ескерткіш б.з.д . IV ғасырдың ортасында грек сәулетшілері  Леохар, Бриаксис, Скопас Паросский және Тимотей дің жобасымен салынған деседі 6.Родос ұстыны (бағаны) (Грекия) Б.з.д. 294-282 жылдары тұрғызылған 36-метрлік бұл ескерткіш шамамен б.з.д. 220 ж. болған зілзала кезінде қираған деседі. 7. Александрия шамшырағы (Мысыр) Ніл өзенінің Жерорта теңізіне құяр тұсында орналасқан Фарос аралында ежелгі грек сәулетшісі Сострат Книдскийдің басшылығымен құрылысы б.з.д. 285 жылы басталып 20 жыл тұрғызылған 120 метрлік мұнара 1326 ж. зілзаладан түпкілікті қирапты.