Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы өзгереді

13 Қараша, 2018 1408 1

Қазақстандағы әйелдердің зейнеткерлік жас шамасы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59 жасқа жетеді деп жазады newsroom+ порталы Stan.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Қазіргі таңда қазақстандық ерлер 63 жаста зейнетке шығады. Бірақ әйелдер үшін бірнеше жыл бұрын қабылданған заңға сәйкес, зейнеткерлік жасты кезең-кезеңмен ұлғайту қарастырылған. Өзгерістер 1960 жылдан 1964 жылға дейін туылған қазақстандық әйелдерге қатысты.

Бірінші көтерілім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап өтті – әйелдер үшін зейнеткерлік жас – 58,5 жасты құрады. Келесі өсім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күтуде. Осыдан кейін әйелдер 59 жасқа толғанда зейнетке шығады.

Осылайша, 2027 жылға қарай қазақстандық әйелдер 63 жаста: 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 59,5 жасқа жеткенде; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толған кезде; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа жеткенде; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толған; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа дейін; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толған кезде; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа жеткенде; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жасқа жетеді.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кейбір қазақстандықтар ертерек зейнетке шығуы мүмкін. Ол Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтарға ұшыраған аудандарда (29 тамыз 1949 ж. – 5 шілде 1963 ж.) бес жыл тұрғандарға қатысты. Бұл жағдайда ерлер үшін зейнеткерлік жас 50, ал әйелдер үшін – 45 жыл.

Бұдан басқа, сегіз жасқа дейін бес немесе одан да көп баланы тәрбиелеген әйелдер 53 жасында зейнеткерлікке шығуы мүмкін.

Сондай-ақ, қазақстандық әйелдер зейнетақы жинақтарының белгілі бір мөлшерін жинаған болса, 50 жаста ерте зейнеткерлікке шығуы мүмкін. 2018 жылы бұл көрсеткіш шамамен 13,5 миллион теңгені құрайды.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Айгүл 13 Қараша, 2018

Одан да әйел баласына зейнеттік ақы бермейақ қойсаңдаршы. Жыл сайын зейнетке шығу жасын ұлғайта бергенше. Зейнет ақы алып шалқып өмір сүріп жатқан еш қайсы жоқ.