Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
7 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Терісқақпай» театры актерінің хәлі нашар ма?

«Терісқақпай» театры актерінің хәлі нашар ма?

«Терісқақпай» театры актерінің хәлі нашар ма?
ашық дереккөзі
Еліміздегі әзіл-ысқақ театрының белгілі актері Дархан Дайырбектің денсаулығына алаңдаған, белгілі журналист, "Жұлдыздар отбасы" және "Аңыз адам" журналдарының бұрынғы бас редакторы Жарылқап Қалыбай өзінің фейсбук парақшасында жазба қалдырыпты. Ол ауруханада бірге ем қабылдаған актерге тиісті жәрдем беруін өтінген деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі.  width= "Достар! Менімен аурухананың бір бөлмесінде жатқан "Терісқақпай" театрының актері, бірнеше киноға түскен Дархан Дайырбектің дем алуы нашарлаған соң алты күн бұрын Жансақтау бөліміне ауыстырған. Екі күннен бері ватсабы жауап бермеген соң дәрігерімнен көмек сұрап едім, жағдайы нашар екенінін әріптестерінен біліп берді. Осыған байланысты Дарханның туыстары мен достарының шұғыл түрде ауруханаға келіп, жағдай сұрап, хабарласып, қолынан келген көмектерін аямауды өтінемін. Ал әлеуметтік желідегі ағайынға дұғада болуды сұраймын. Алла шипасын беріп, жансақтау бөлімінен аман шығуына тілекшімін!"-деп жазады Жарылқап Қалыбай. Желі қолданушылары актердің денсаулығының жақсарып кетуіне тілек білдіріп, жаттығулар жасау керектігін айтып, пікір қалдырған. Біздің ұжым қызметкерлері де танымал әзілкеш Дархан Дайырбектің аурудан тезірек айығуын тілейміз!