Жаңалықтар

Келесі жылы астана күнін тойлайтын ешкім болмайды - Димаш Құдайберген

Келесі жылы астана күнін тойлайтын ешкім болмайды - Димаш Құдайберген

6 шілдеде астана күніне орай отшашу ұйымдастырылған еді. Бұл қоғам наразылығын тудырды. Әлеуметтік желіде осыған байланысты әнші Димаш Құдайберген де пікір білдірген.  width=
Бұл отшашу ненің құрметіне атылды? Әлде коронавируспен ауырғандар бойынша әлемде бірінші орынға шығуымыздың құрметіне ме? Адамдар тыныс алатын баллон мен кислород таба алмай жүрсе, астанада отшашу ұйымдастырып жатыр. Осы қарқындарыңыздар таймаңыздар! Келесі жылы да жалғастыруға тілектестік білдіремін. Бірақ ол кезде тойлайтын ешкім болмайды, - дейді Димаш Құдайберген.
Ал Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет басқармасы жағдайды былай түсіндірген.
Астана күніне отшашу жыл басында жоспарланған болатын. Демеушілер материалдар сатып алып, орындарды анықтады. Бұл фейерверк қала қонақтарының көңіл-күйін көтеріп, коронавируспен күресте алдыңғы қатарда жүрген медицина қызметкерлерін қолдауға арналған, - дейді мәдениет басқармасы баспасөз қызметі.