Жаңалықтар

Қазақстандықтар карантинді елемейтін ата-аналарын айтып шағымдануда

Қазақстандықтар карантинді елемейтін ата-аналарын айтып шағымдануда

5 мамырдан бастап Қазақстанда екі аптаға созылатын қатаң карантин қайта енгізілді. Алайда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жағдай ушықса, шектеу шаралары созылатынын мәлім етті. Көптеген қазақстандықтар бұл жағдайға тұрғындардың салғырттығы мен жауапсыздығы себеп болғанын айтады. 

қонақ Мәселен, еліміздің бірқатар аймақтарында азаматтар мерекелік іс-шаралар мен той өткізуге тыйым салынғанына қарамастан түрлі басқосулар ұйымдастырып келген. Мұндай жиындардың үстінен полицейлер дәл түскен кездер де табылды. Енді біреулер билікті алдап басқа да жолдармен той жасап жатты. Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова осындай той-томалақтарға барған адамдардың жаппай ауру жұқтырып жатқанын сан рет қақсап айтып та өтті. Дегенмен оның бұл сөздерін кейбір қазақстандықтар құлақтарына ілмеуде. Блогер Әлішер Елікбаевтың сөзінше, қазіргі күні үлкен кісілер үйлеріне қонақ шақыруын қоймағаннан бөлек, өздері шақырылған жерден қалмайды екен. Тіпті кейбіреулер құдалық үшін көрші ауылдарға отбасыларын жинап барып та қайтады екен. "Жақында мынандай қызық бір жайт естідім. Оқырмандарымның бірі әлеуметтік желіге қазір той жасайтын кез емес деп жазба қалдырған көрінеді. Мұны оның туысы жақында қызын ұзатқалы отырған туысы оқып, шу шығарған сыңайлы. Ең ақыр аяғы қызға кешірім сұратып, әлгі жазбаны өшірткізіп тастаған", - дейді Елікбаев. Әлеуметтік желідегілер оның бұл айтқандарымен келісіп жатты. Тағы бір желі қолданушысының айтуынша, жақында оның ата-анасы сырқаттанып қалған. "Ата-анам Ешқайда бармай үйде отырыңыздар деген сөзімді тыңдамай, қонаққа барып келді. Ал енді келген соң екеуі бірдей ауырып қалды. Біздің сөзімізді мүлдем елемейді. Бүгін дәстүрлер денсаулыққа қауіпті болып кетті ғой", - деп жазыпты ол.