Себепсіз соғылған дүре

Себепсіз соғылған дүре

ашық дереккөзі

 width= Шығыс әлемінде Харун Рашитті білмейтін адам кемде-кем шығар. Сол бір атақты, әділ патшаның мұрагері Мамун медреседе оқып жүрген кезінде өзі ерекше құрмет тұтатын ұлағатты ұстазы ешбір себепсіз дүре соғып қоя береді. Қараптан-қарап таяқ жеген бала: – Ұстазым-ау, мені неге сонша жазаладыңыз? Мен не істеп қойдым? Бірдеме бүлдірген болсам, айтыңызшы?! – деп реніш білдіреді. Ұстазы баланың ренішті сөзіне тіл қатпайды. Бала қайта сұраса, ол тіс жармайды. Бұл оқиға Мамунның есінде қалады. Содан уақыт зымырап өте шыға ды. Бала Мамунның есейіп, пат ша тағына отыратын кезі туады. Таққа жайғаса беріп, қолына шоқпарын алады, содан соң баяғы дүре соққан ұстазын шақыртады. Сөйтіп ұстазына кішкентай кезінен жауапсыз қалған сұрағын қайта қояды. – Сол кезде мені неге таяқтың ас ты на алдыңыз? Қандай кінәм бар еді? Сақалын қырау шалған қарт ұстаз езу тартып: – Ұмытпапсың ғой, шырағым, – дейді. Орнынан атып тұрған патша: – Қалай ұмытамын, айтыңызшы, қа лай ұмытамын?! Біле-білсеңіз, сол соқ қы сүйегімнен өтіп, жүрегімді жара ла ды! – деп қабағын түйіп кіржің д ейді. – Жарайды, балам, – дейді ақсақал. – Сені ренжіткен болсам, кө ңіліңе алма. Бұл дүние кем бол ғанымен, бір қайыры бар екенін естен шығарма! Ештеңе бекерден-бекер болмайды. Әсілі зұлымдыққа, әділетсіздікке душар болған адамның қандай күй кешетінін және оны ешуақытта ұмытпайтынын білсін деп соқтым. Ешкімге зұлымдық жасамасын дедім. Өйткені зорлық-зомбылық өзің көргендей қанша уақыт өтсе де жүректегі сөнбейтін бір отпен тең!

Жүктелуде...