Жаңалықтар

Шымкент: 4 мыңның дәрісін 17 мыңнан сатуда

Шымкент: 4 мыңның дәрісін 17 мыңнан сатуда

 width= Шымкентте дәрі-дәрмек тапшылығы мен оның негізсіз қымбаттауын анықтайтын жұмыс тобы құрылып, бүгін дәріханаларды тексерді. Рейдте кейбір препараттардың расында тапшы екені анықталды. Тіпті, халық сұранысына аса қажет деген таблеткалар жоқтың қасы. Дәріхана сатушылары шын мәнінде дәрілердің жетпей жатқанын және бағасының қымбат екенін жасырмады. Бұл туралы Newsroom+ақпарат хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. https://youtu.be/aAW0xINGSuk -Парацетамол жоқ па? - Жоқ. -Асприн ше, - Аспирин де жоқ. - Неге? - Жоқ. Рейд барысында препараттардың бағасы бір-бірімен сәйкес келмейтіні анықталды. Мәселен, шекті бағадан аспауы тиіс кейбір дәрілер аптекаларда әртүрлі сомада саудаланып жатыр. Жұрт оның бағасына емес, табылғанына қуанып, ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр. Тіпті, әлеуметтік желі арқылы да іздеуге көшкен. КҮЛӘНДА ОРЫНБАЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Айтып отырмын ғой, 4000 мыңдықты 17 мыңнан сатып жатыр. 15 мыңнан сатып жатыр. Не деген сұмдық мысалы да». Сондай-ақ, елдегі дәрі тапшылығын өз пайдасына асырмақ болғандар да анықталуда. Мәселен, дәл осы Шымкентте «Ингавирин» дәрісін 200 мың теңгеге саудалап тұрған әйел ұсталды. Ол дәріханаларда 5 мың теңге тұратын таблетканың әр қорабын 10 мың теңгеден сатқан. Қазір, күдіктіге қатысты тергеу амалдары басталды.