Жаңалықтар

Жалған ақпараттар көбейіп кетті

Жалған ақпараттар көбейіп кетті

 width= "Түнгі 11-ден таңғы 5-ке дейін спутниктен дене қызуы өлшенеді". "Түнде тікұшақпен коронавирустың уы себіледі". Дәл осы тектес ақпараттар бүгінде әлеуметтік желіде қаптап кетті. Енді, бірі интернет беттеріндегі алып-қашпа сөздерге құдайдай сенсе, біреуі ауырғанын содан көріп жүр. Дүрлігуге негіз бар ма? Арандатушылар кімдер? Бұл туралы Newsroom+ақпарат хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. https://youtu.be/aNYQkp2qykg "Қара пакеттегі мәйіттер". Бұл - күні кеше әлеуметтік желіге көз ілеспес жылдамдықпен тарап кеткен видеолардың бірі. Таспаға түсірген адам Ақтау қаласындағы ауруханалардың бірінде адамдар қынадай қырылып жатқанын жазған. Бірақ, Маңғыстау облысының әкімдігі ресми түрде бұл ақпарат жалған екенін мәлімдеді. ЦИТАТА: "Қара пакетпен оралған науқастардың мүрдесі бар видеоның Маңғыстау облысына еш қатысы жоқ. Сондықтан бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Аталған видеоны Ақтау қаласындағы ауруханамен байланыстырмауларыңызды сұраймыз". МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ИНСТАГРАМДАҒЫ РЕСМИ ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ "Маңғыстау Тельманға у шашып жатыр". Шындыққа жанаспайтын, фейк ақпараттарды тарату жағынан қазір Маңғыстау облысы ешкімге дес берер емес. Мәселен, мына видео да Батыс өңірде түсірілген. Ролик авторы аспандағы тікұшақты көріп, "у шашып жатыр" деп әлеуметтік желіге жүктеген. Осы тектес видеолар бірқатар әлем елдерінде жылдың басында пайда болыпты. Нақтырақ айтсақ, Ресейде, Украинада, Өзбекстан, Тәжікстандағы халық осындай сарындағы ақпараттарды тарата бастаған. Бірақ, кейін ол мәліметтер расталған жоқ. "Вертолетті көрдіңдер ма? Бірдеңе шашып бара жатыр". Ал, күні кеше Түркістан облысында елді дүрліктірген әйел адам ұсталды. Ол "вирус себіледі" деген жалған ақпарат жазып, әлеуметтік желіге жүктеген. Сарыағаш қаласының тұрғыны мессенджерлерде "балаларды ауыртатын вирус себіледі, оларды далаға шығармандар" деген аудио-хабарламаны туыстарының арасында жолдаған екен. Қазір, жалған ақпарат таратқан тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды. "Карантинге вирусқа байланысты балаларды далаға шығармау мақсатында, қорғау мақсатында керме аудиозапись жібергенмін. Ойымда ешқандай жаман ойым болған жоқ. Енді қайталанбайды". Биліктегілер халықты негізі жоқ дақпырттарға, алып қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырып әлек. Бірақ, оны елеп ескеріп жатқан тұрғындар әзірге көрінбейді. Мәселен, Елордада дәріханаларда препарат таппай сенделген жұрт, "кеше аспаннан тікұшақ көрдім" содан жағдаймыз нашарлап кетті, - дейді. БАЙПАН ӘБДІРАХМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Ал, енді мен осы ауырардың алдында аспаннан екі вертолет өтті. Мен өзі содан көремін негізі. Сеуіп кетті. Бәрімізге айтты ойбай вирусқа дәрі сеуіп жатыр үйлеріңнен шықпа деді. Телевизордан да айтты. Шықпай отырдық. Енді содан кейін барлығы үй ішімен ауырып жатқандар бар. Менің ойымша, бірдеңені сеуіп кетті мен оған 100% айта аламын». Еліміздің бас дәрігері де, коронавирус бойынша тек ресми дереккөздерде таратылған мәліметтерге сенуге шақырады. АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: "Елімізде шағымдану еркіндігі бар, бола береді де. Сондықтан, әр азамат өз ойын айтуға құқылы. Бірақ, біз қолдағы статистикаға көз жүгіртуіміз керек. Қазіргі коронавирус, шекараның арғы жағында таралып жатқан вирус емес. Әрқайсымыз бұл індетпен бетпе-бет келдік, танысымыз, туыстарымыз, отбасы мүшелері ауырып жатыр. Кез-келген азамат індеттің кесірінен қанша адам бақилыққа аттанып жатқанынан хабардар. Сол себепті, аурудың бар екенін дәлелдеп жатудың өзі артық". Тағы бір шындыққа жанаспайтын ақпаратты ресейлік сатиралық  басылымдардың бірі жариялады. Ондағы мақалада жақында ғана коронавирустан емделіп шыққан Елбасының сынамасының негізінен вирусқа қарсы екпе әзірленетін болды деп көрсетілген. Ал, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі ол мәліметті фейкке теңеп, жоққа шығарды.