Сұмдық! 2 мыңның дәрісін 45 мыңға сатып жатыр!

Сұмдық! 2 мыңның дәрісін 45 мыңға сатып жатыр!

ашық дереккөзі

 width= Қазір қайда бармаңыз, кімнен сұрамаңыз айтылатын әңгіме  дәрі-дәрмектің төңірегінде! Бірі таба алмай жүр, басқасы таба алса да ала алмай жүр. Салдарынан онсыз да ауруханаға барсаң, коронавирус деп жатқызып тастайды деп қорқатын көпшілік, енді қорықса да орын жоқ. Сөйтіп жаппай үйде емделіп жатыр. Енді Президенттің пәрменімен бағаны негізсіз өсіргендер, заңсыз сатқандар жазаланады! Бұл туралы Newsroom+ақпарат хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. https://youtu.be/BqL1Rk59CyA АСҚАРБЕК ҚАМБАРБЕКОВ, ДӘРІГЕР-ТРАВМАТОЛОГ: «Масқара! Масқара! «Дексаметазонның» бір ампуласын 1600 теңгеден сатып отыр. Бір пачкадағы 25 штугы 2 мың теңгедей тұратын. Сонда неше есе қосып сатып отыр?! 25 штугы 1600-ден болғанда, 40 мың теңге болайын деп тұр...2 мың тұрған нәрсені 45 мыңға сатып жатыр». Асқарбек аға ашулы. Ауырып отыр. Өзі дәрігер болса да, дертіне дауа таппай, күйініп кеткен. Сырқатынан бұрын жанына дәрінің қымбаттығы батып барады. АСҚАРБЕК ҚАМБАРБЕКОВ, ДӘРІГЕР-ТРАВМАТОЛОГ «Барлық жерде жасырып, қымбатқа сатып жатыр! Чек бермейді. Бұл не деген сұмдық?!» Сұмдық деген сөзге Сәуле апай да келіседі. СӘУЛЕ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Бағасы қымбат. Абысыным өткенде ғана 180 теңгеге алған. Бүгін 450 тг. Бізге осылай әкелді, біз сатамыз дейді». Күні кеше Атырауда демеушілердің ұйымдастыруымен тегін дәрі-дәрмек тарату акциясы өтуі тиіс еді. Алайда, жоспарланған 200 адамның орнына 1000-ға жуық тұрғын жиналған. Санитарлық талаптың сақталмауынан жұрт құр қол қайтыпты. Полиция қызметкерлері акцияға жиналған халықты таратты. Ал, қайырымдылық жасағысы келген 7 адамға қатысты іс қозғалды. Дәрі-дәрмектердің бағасын тікелей Қасым-Жомарт Тоқаев бақылауға алды. Енді тоңып секіргендердің арқасында тойып жүргендер жазаланады. «Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды. Кінәлілер жауапқа тартылады». ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ТВИТТЕРДЕГІ ЖАЗБАСЫНАН ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Дәрі-дәрмек нарығын ақша жасаудың көзіне айналдырғандар қатаң жазаланады. +1721 Әсіресе, дәрі-дәрмектің айналасында бүгінгі жағдайды ескере отырып, пайда тауып қалуды көздейтін азаматтарды ескерткім келеді». Дәрінің, жалпы бәрінің қымбаттағаны бүгін емес. Қанша айтты, журналистер де, бұқара да базынасын. Құлақ аспап еді ешкім. Енді мәселені Президент көтерген соң ғана, өңірлерде рейд ұйымдастырылып, сірескен сеңнің көбесі сөгілді. «Бағасы 231 мың тгні құрайтын 3850 дана медициналық маска тәркіленді». 247 ингавирин 10 упаковок, парацетомол 215 пачек, цефтриаксон 200 упаковок, азитромицин 5 пачек! «Толық аты жөніңізді айта ойыңыз! Дәрі дәрмек сатқаныңызды мойындайсыз ба? Не себепті және қайдан алдыңыз?» Ақшаны ардан жоғары қойған бұл азаматтар заң алдында жауап береді. Айтпақшы, вирус ең жылдам тарап жатқан жер, дәрі-дәрмегі ең қымбат ел де - біз. Өйткені импортқа тәуелдіміз. Өнімнің 87 пайызы өзгенікі. ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Қазақстанда 8 мыңнан аса дәріхана бар. Отандық өндіріс есебінен олардың барлығын қамтамасыз ету деңгейі 13 % деңгейінде, қалғанын сырттан, импорт арқылы енгізіп отырмыз». Импортқа шынжырсыз байланған ит секілді күйіміз. Бұл біріншіден. Екіншіден, қорыққанға өос көрінеді деген рас. Ел ауырмаса да алдын ала қамданып, қаппен алып жатыр. Мысалы, Алматыда бұрын айына 50 мың парацетомол сатылса, қазір тәулігіне 100 мыңы түске дейін-ақ өтіп кетеді. АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «Жай, кейін керек болып қалар деген оймен азаматтар дәрілерді есепсіз алып жатыр. Олардың жарамдылық мерзімі бар емес пе? Уақыты өтіп кетсе пайдалана да алмайсыз. Сіздің үйде бекер тұрған дәріге шын ауырып жатқан басқа біреудің қолы жетпей өліп кетіп жатыр». Осы себепті бұдан былай, бір адам 2-3 қаптамадан артық ала алмайды. Ал, көтерме сауда қоймаларындағы дәрі-дәрмек қорын, оның бағасын тексеретін арнайы мониторинг топтары жұмыс істейді. Айтпақшы, әлеуметтік желілерде дәрі сатамын, деген жазбалар көп. Бағасы удай. Хабарласып көріп-ек, телефоны сөндірулі. Бәлкім, тексерістен сескенген болар. Рейд басталды. Кеш болса да ештен жақсы.

Жүктелуде...