Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
7 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Абақтыда отырғандар мамандық игеріп, диплом алды

Абақтыда отырғандар мамандық игеріп, диплом алды

Абақтыда отырғандар мамандық игеріп, диплом алды
ашық дереккөзі
 width= Түрмедегі диплом! Шымкентте жазасын өтеп жүрген бір топ адам жаңа кәсіпті игерді. Бір жылға жуық техникалық саланың қыр-сырын меңгерген олар қоғамға аз да болса пайдамыз тисе дейді. Бұдан бөлек, жәбірленушілерге келтірген шығындарын да осы жерден өтемекші. Сонда темір тордың арғы жағындағылар қандай кәсіпке бейімделді? Ай сайынғы табыстары қандай болмақ? Бұл туралы Newsroom+ақпарат хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. https://youtu.be/j40SXnAxFlM Тағдырдың қатал сынына ұшыраған жандар енді белгілі бір кәсіптің иесі атанды. 124 сотталушы Түркістан индустриалды құрылыс колледжінде 6 мамандық бойынша білім алған. Енді оларға салтанатты түрде диплом табыс етілді Тігінші, ағаш өңдеуші және жиһаз шебері атанған жазасын өтеушілер колледжде 10 ай оқыпты. Солардың бірі - Бағлан Балабеков. 6 жылға сотталған ол енді су жаңа кәсіптің иесі атанып отыр. БАҒЛАН БАЛАБЕКОВ, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ: "2019 жылы Түркістан индустриалды колледже түсіп, тігінші мамандығын алдым. Осындай мүмкіндік беріп жатқан мекеме әкімшілігіне және ұстаздарға алғысым шексіз. Алға қойған жоспарларымды орындап, бостандыққа шыққан соң, жұмыс істейтін боламын". БАҒДАТ АСЫЛБЕКОВ, ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: "Бостандыққа шыққан соң осы дипломмен жұмысқа кіруге болады. Одан кейін осы мекемеде орналасқан өнеркәсіп бар сонда кіріп жұмыс істеп, өзінің жалақысынан жәбірленушілерге берешін беруге осындай мүмкіншіліктер істелініп отыр". Жазасын өтеушілердің арасында жоғары білімділер де бар. Бірақ, басым көпшілігі мамандық бойынша жұмыс таба алмайды екен. Сондықтан, оларға қарапайым кәсіпті үйретіп жатыр. Биыл электрші деген мамандықты қосыпты. Сұраныс көп көрінеді осы мамандыққа. БАЙЫРБЕК БАБАҚҰЛОВ, КОЛЛЕДЖДІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: "Біздер жұмысшы мамандықтарын береміз. Ол Үкіметтің есебінен тегін оқытылады. Мұғалімдер мен өндіріс шеберлері облыстық бюджеттен қаржыландырылсақ, бізге керекті материалдық құрал жабдықтың барлығы осы түзету мекемесінен беріледі. Осы күні ИЧ 167/3 түзеу мекемесінде 500-ге жуық сотталушы жазасын өтеп жүр. 183 адам бостандыққа шығыпты. Олардың арасында түрмеде жүріп, білім алғандар бар. Қылмыстық атқару жүйесі мамандарының сөзінше, орта-арнайы білім беру ісі тағы екі түрмеде бар екен. Биыл 350 адам білім алған. Басым көпшілігі тігінші көрінеді.