Интернетте карантин кезінде азаматтарға 75 мың теңге төленеді деген хабарлама тарап жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Белгісіз біреулер әлеуметтік желіде қазақстандықтарға 75 мың теңге әлеуметтік төлем беріледі деген ақпарат таратқан.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұны жоққа шығарды.
"Әлеуметтік желілерде Қазақстанда жаңа шектеу шараларының енгізілуіне байланысты әлеуметтік жәрдемақы қайта төлене бастайтыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұрын айтылғандай, 42 500 теңге төтенше жағдай жарияланғанына байланысты төленген болатын. Ал қазіргі жағдайда шектеу шаралары тек күшейтіліп отыр. Осыған байланысты төлемді жүзеге асыруға заңнамалық негіз жоқ", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Министрлік азаматтардан жалған ақпараттарға сенбеуді, тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуді сұрады.