5 күнде 50 миллион табады: елдің бәрі вайнер болуды армандайды

5 күнде 50 миллион табады: елдің бәрі вайнер болуды армандайды

ашық дереккөзі

 width= Елімізде 5-ақ күнде 50 миллионға дейін табыс табатын блогерлердің барын біліп пе едіңіз?  Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, әлеуметтік желінің құдыретімен, бүгінде миллионер атанған жастарымыз жетерлік.  Бар болғаны парақшасында байқау өткізу арқылы ғана жағдайларын жасап алғандары қаншама.  Салдарынан үйдегі ұл-қыздар  бұрынғыдай  ұстаз я дәрігер емес, инстаграмдағы аға-әпкелері сияқты вайнер болуды армандап жүр. Оның несі бар дерсіз? Бірақ бұл тенденция жалғасын тапса, болашақта қоғамға қажетті мамандарға зәру болып қалмаймыз ба?  Ал желіде миллиондаған оқырманы бар қыз-жігіттер мұндай байлыққа қалай кенеліп жүр? Олардың қызметін біреу бақылай ма? Бұл туралы Newsroom+ақпарат хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. https://youtu.be/IJSZBPbin_E Елордалық Сидековтер әулеті 6 баласымен мынадай қуықтай бөлмені паналауға мәжбүр.  Өйткені басқа үйге көшейін десе, тапқан- таянғандары ішіп-жемдерінен артылмайды. Отанасы Әлия  бұрын балақшада тәрбиеші боп істеген. Қазір декретте. Ал күйеуі құрылыста, бала-шағаның қамымен күн-түн демей жұмыста жүр.  Бірақ сонда да, бар тапқаны 80 мың теңгенің ар жақ, бер жағы ғана. Жартысы бірден үй ақысына кетеді, ал қалған  соммаға 8 адам ай бойы жан бағады. Жығылғанға жұдырық боп,  баспана кезегі де жылжымайды. ӘЛИЯ СИДЕКОВА,  КӨПБАЛАЛЫ АНА: «Енді 2016-да мына қызды босанғанда тұрғанмын. Не үшін шығарып тастағандарын білмеймін бірақ. Осындай жағдайлар болады деп сол жерде түсіндірдідағыны, қайтадан 2017-де документ тапсырып, 17-ге түсіп қалдым, бір жыл жоғалттым» Елімізде мұндай отбасылар ондап емес, жүздеп, тіпті мыңдап саналады.  Содан болса керек, қазіргінің жастары аға-буын өкілдері сияқты бейнеті басым, зейнеті шамалы кәсіпке жүгіргісі келмейді.  Жаңа жолдар іздеп жатыр. -Балам,не істеп жатырсың? -Тик-ток снимаю. - Тик-ток и с утра до вечера тик-ток снимаешь. Лучше книги читал бы. -Папа, это тренд, тренд» Міне, тренд дегеннен шығады. Қазір байқасаңыз,  екінің бірі  тик-токта видео жариялап, арзан вайн түсіріп, инста-блог жүргізіп кеткен. Бәрі аудитория жинап,  атақты, танымал болуға талпынып жүр.  Өйткені,  талтаңдасаң талдаңда, көп оқырманың болса инстаңда... super.mamasita: «Ребята, у меня для вас супербомбическая новость. Именно кому-то из вас через три дня достанется порж каен. Что для этого нужно? Просто тнужно подписаться на тех на кого подписана я сама, ставить лайки, быть активным на страницах» khizmetov: «Ну что начало нового месяца я с удовольствием всем своим подписчикам буду раздавать пол миллиона тенге» gulviraibraeva: «Егер де блогер болсаңыз, магазиніңіз болса, интернет магазиніңіз болса немесе жай ғана подписчик жинағыңыз келсе, менің гивіме қатысуды ұмытпаңыздар». Небір миллиондардың төресін, блогерлердің байқауларынан көресің.  «Подписки бөлімімдегі 99 досыма тіркел де, су жаңа көлікті ұтып ал». Инста-жұлдыздардың өздері жазылған достарын былай деп жарнамалап жатқандарын сіз де естіген боларсыз?  Бұлар  блогерлердің байқауларын  бастан-аяқ қаржыландарып берген демеушілер. Оларға оқырман, сізге сыйлық, ал вайнерлерге ақша керек. elshinzhanerke: «Достар бұрын-соңды болмаған отбасылық алғашқы мега байқауымызды ашық деп жариялаймыз. Бұл жолғы басты жүлде өзімнің алғашқы тұлпарым порж каенді тегіннен-тегін сіздердің араларыңызда бір адамға сыйлайтын боламын». Алайда  блогерлердің байқау өткізіп, жаңа көлік, қаланың қақ ортасында су жаңа баспана алдым деп мақтанатындай  бір конкурстан қандай пайдаға кенеледі сонда?   Болашақ демеушісінің рөліне кіріп, бір-екеуіне телефон арқылы хабарластық. «4,5 млн аудитории у нее, здесь гарант будет 100 тысяч подписчиков, цена 500 тысяч тенге. Гарант всегда перевыполняет, 120,  может 130. А сколько будет вообщем спонсоров? -100». Яғни, 100 демеушінің әрқайсысы 500 мыңнан құйса, жалпы соммасы 50 миллион теңге шығады. Мейлі, осы қаржының әрі кетсе 10 процентіне сыйлық алатын шығар, ал қалғаны қалтасына кетеді.  Сонда  бірнеше күнде 40 млн-ға дейін таза табыс таба алады. Айтпақшы бұған салық та төлемейді.  Ал мемлекеттік органдар да мұндай байқаулардың ауқымдылығы  жөнінде білмейтін тәрізді.  Үйдегі ұл-қыздардың желіде жұлдыз болғысы кеп, түрлі контент түсіріп кеткендері де осыдан болар. Салдарынан, аға буын өкілдері  дабыл қағып кетті. Екінің бірі вайнер болуды армандаса,  болашақта қажетті мамандарға зәру болып қалмаймыз ба? САЛТАНАТ ОРАЗБЕКОВА, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ: «Қазір қорқыныш туындап жатыр. Болашақта бәрі егер вайнер, блогер болатын болса, бізде басқа мамандықтар тапшы болып қалуы мүмкін. Дәрігер, мұғалім деген сияқты». Сонда қайтпек керек? САЛТАНАТ ОРАЗБЕКОВА, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ: «Кәсіби  бағдар болу керек. Сол кезде егер де мектепте, ата-аналары балаларымен кәсіби бағдар бойынша жұмыс істейтін болса ондай мәселе болмайды деп ойлаймын». Бұл ретте,  мамандар  жұрттың әлеуметтік желіден жалығатын күні де алыс емес дейді. Сондықтан парақша жүргізіп, аудитория қуалап жүргендердің дәурені  де өтеді. Ал арзан атақ абырой емес, пайда әкелмес, адал еңбекпен тапқан ақшаға да тең келмес.  Осыны естен шығармаған абзал. ӘЛИЯ СИДЕКОВА,  КӨПБАЛАЛЫ АНА: «Менде таңдау болса, сол баяғыша өзімнің тәрбиеші жұмысымды жалғастырып, табысымды азды-көпті тауып, уақыты келгенде жетуге тырысам, сол жолды қолдаймын. Адал еңбекпен тапқан ақшаға ешқандай ақша тең келмейді» .

Жүктелуде...