Түркістан облысында қант бағасы төмендеген

11 Қараша, 2018 1621 0

Бүгінгі таңда Түркістан облысында қант бағасы төмендеген, деп хабарлайды newsroom+ ақпарат агенттігі Түркістан облысының кәсіпкерлік басқармасы берген мәліметке сілтеме жасап.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес ағымдағы жылдың қазан айының 23-30 күндері аралығында қанттың бағасы 257 теңгеден 251 теңгеге дейін немесе 2.3 пайызға төмендеген.

Тәтті шекердің бағасын тұрақтандыру үшін Түркістан қаласында 4 әлеуметтік павильон, сонымен қатар «Алтын Бұлақ» және «Қуаныш» сияқты ірі базарларда екі сауда бөлімі жұмыс істеп тұр. Мұнда 1 келі шекердің бағасы 220 теңгеден сатылуда. Бүгінде бағаны тұрақтандыру қорында 15 тонна қант қоры бар. Қосымша мың тонна қант сатып алу туралы келісім шартқа қол қойылған. Сондай-ақ Түркістан облысы бойынша және Түркістан қаласының ірі сауда орындарында күнделікті қант бағасына мониторинг жүргізілуде. Аталған мәселе өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың ерекше бақылауында болады.

Айта кетейік, өткен аптада бірқатар жаңалық көздерінде Алматы облысында қант бағасын қолдан көтеруде деп ақпарат таратқан болатын.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.