Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Кәсіпкер көлігін жергілікті «жедел жәрдем» қатарына қосты

Кәсіпкер көлігін жергілікті «жедел жәрдем» қатарына қосты

Кәсіпкер көлігін жергілікті «жедел жәрдем» қатарына қосты
ашық дереккөзі
 width= Кеңес заманында науқастарға қызмет еткен "жедел жәрдем" көлігі жолға шықты. Жо-жоқ қорықпаңыз, бұл қысылтаяң шақта медициналық техниканың жетіспеушілігін жою үшін жасалып отырған уақытша шара. Осыдан 33 жыл бұрын құрастырылған темір тұлпарды Алматы облысының тұрғыны ақ халаттыларға сыйлапты. Мұражайда шаң басқан автомобиль қазіргі жүздеген шақыртуларға шыдас бере ме? Бұл туралы Newsroom+ақпарат хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. https://youtu.be/39I0ZpB2Jhg 1987 жылы құрастырылған Газ автокөлігінің үлгісі ескі демесеңіз, қазір мін таппайсыз. Қозғалтқышы сағаттай жұмыс істеп тұр. Одан қалды іші-сырты толығымен өңделген. Өз уақытында жедел жәрдем қызметінде пайдаланылған темір тұлпар, ұзақ демалыстан кейін қайтадан жұмысына кірісті. Енді сырқаты сыр берген Қапшағай қаласының тұрғындарына дереу көмек көрсетуге әзір. «В советское время эта машина была скорой помощью. Она вчера была без лент, но после того, как вы обратились, мы всё организовали. Мигалки - теперь всё работает». Қалалық ауруханаға ГАЗ-2412 ретро көлігін жергілікті кәсіпкер сыйлаған. Қолдану мерзімі аяқталған соң осы уақытқа дейін мұражайында сақтапты. Алайда, соңғы күндері жұқпалы дертке шалдыққандардың өршігенін байқаған азамат, сән беріп салонда тұрғанша, сырқатымен күресіп жатқандардың бір кәдесіне жарасын деп, осындай шешімге келген екен. МҰРАТ СІРГЕБАЕВ  РЕТРО-КӨЛІКТЕР МҰРАЖАЙЫНЫҢ ҚОЖАЙЫНЫ: " елімізде қиын жағдай болып жатқанынан бәріміз хабардармыз. Өте өкінішті әрине. Біздің салонда жедел жәрдемге арналған бір автокөлік толығымен жиналған. Бүгін бір пайдаға жарасын деп ауруханаға табыстадық. Тіпті, артық салмақ түсірмес үшін 1 тонна бензинін де өз атымыздан беріп отырмыз. Қазіргі таңда мұндағы аурухана қызметкерлері барлық күшін короновирус індетімен күресуге бағыттаған. Сондықтан, тұрақтағы жедел жәрдем көліктері де негізінен қызуы көтеріліп, ауруға шалдыққандарға барады. Алайда, басқа да дертпен шағымданатындар жетерлік. Сондықтан, Волга енді дәрі-дәрімек таратып, профилактикалық бақылау жүргізу үшін ары-бері қала ішінде қатынайтын болады. АЙМАН РАҚЫШЕВА  ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ "Қазір біз короновируспен күресіп жатырмыз. Осындай қысылтаяң кезде көмек жасаған кәсіпкерге ризамыз. Өйткені, автокөліктер бізге өте қажет. Ескі болса да, кәсіби медициналық жәрдем көрсетуге септігін тигізетіні сөзсіз. Мамандардың айтуынша, бұл автокөліктің терезелері қараңғыланбайды. Өйткені, бұрын ішіндегі науқастардың қал-жағдайын сыртқа көрсетпес үшін осылай жасаған. Дәрі-дәрімек тасып, жеңіл-желпі жұмысқа арналған темір тұлпар дертке шалдыққандарға дауа болса, кездескен ересектерге келмеске кеткен дәурдің қызықты сәттерін еске алуға себепші дейді.