Жаңалықтар

Локдаун нокдаунға жібермей ме?

[caption id="attachment_13371" align="alignnone" width="2048"] width= New official Coronavirus name adopted by World Health Organisation is COVID-19. Inscription COVID-19 on blue background[/caption] Министріміз Цой болады, Цой болғанда індетке қарсы бой болады. Денсаулық сақтау саласына жаңа басшы келгенде көпшіліктің күткені осы еді. Тоқаев тез арада ырық бермей жатқан пандемияға қарсы қам-қарекет жоспарларын түзуді тапсырған соң  елдің су жаңа бас дәрігері күрестің үш сценариін ұсынды. Соның екіншісін үкімет құп көрген. Бүгіннен бастап елде екі апталық карантин. Жаңа министрден жаңа термин  Локдаун. Жоқ, бұл түсінік бұрыннан бар, бірақ қазақы орта мен ауылдағы ағайын алғаш рет естіді десек қателеспейтін шығармыз.  Локдаун бұл төтенше жағдайсыз карантин. Қазақы түсінікке салсақ,  Үйден шықпа. Өзгеге кесіріңді тигізбе. Алайда сол локдаунымыз нокдаунға жіберіп жүрмей ме? Бұл туралы Newsroom+ақпарат хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. Нокдаунда жатқан жұрт нокаут алып қалмас үшін, су жаңа министр Цой жаңа локдаун ұсынды. Қауқарсыздық пен қорқыныш қыспағында бізге қандай да бір шұғыл шешім керек еді. АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: «Екінші сценарий екі апталық ұлттық локдаун. Мұндай жағдайда күніне 7 мыңға жуық науқас тіркеліп, тамыз айының соңында ауруханаларда 80 мың орын керек болады». Цойдың осы ойы көңілге қонымдырақ болған соң, қабылданды. Алдағы екі аптаға карантин күшейтілді. Сонымен, көлік қатынасы бойынша: Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасы сақталады; ТАЛҒАТ ЛАСТАЕВ, ҚР ИМДМ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Халықаралық рейс бойынша тек қана алдын ала ашылған рейстер орындалады. Ол Түркия және Оңтүстік Корея. Бірақ Түркия тарапынан кеше біз ресми шешім алдық. Олар бүгіннен бастап Түркия жағынан біздің азаматтарымызға Түркияға кіру үшін шектеулер енгізілді». Өңірлер арасындағы әуе, теміржол қатынастары жалғасады (шектеулермен); АСЫЛХАН ҚАЛДЫКӨЗОВ, «ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «22 бағыт бойынша қала маңындағы пойыздар уақытша  тоқтайды. Аталған бағыттар бойынша билет алып қойған жолаушылар, билетті қайтарып, ақша сомасын толық көлемде ала алады». Ал өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасы уақытша тоқтады; Аймақтарда қоғамдық көліктің жұмысы уақыт бойынша шектелсе,  Нұр-Сұлтанда мүлдем жүрмейді, Алматыда автобустар жұмыс күндері ғана адам тасымалдайды! Себеп айқын. Эпидемиологиялық жағдай ушығып барады. Сандар сағат сайын ауысып, тәулігіне 1500 адам жұқтырып жатыр. АЖАР ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Тіркелген жағдайлардың орташа өсімі 1 айдың ішінде шамамен 4,5 пайыз құрады. Осы күнге дейін ауруханаларда 200 науқас көз жұмды. Қазіргі таңда ауруханаларда ковидтен 8500 науқас емделіп жатыр». Ауруханаға жата алмағандары қаншама. Мәселен өңірлер түгілі  Елодаданың өзінде жедел жәрдемнің жеделі кетіп жәрдемі ғана қалды. Қоңыраулар толастар емес. АЛМАГҮЛ СЕРІК, ДИСПЕТЧЕР: «Бізге қазір звонок секунд сайын түседі. Бір күнде күндізгі мен болсын, әрқайсымызға 200-ден түседі.  Сәлеметсіз бе 10-я. Слушаем, здравствуйте. Что случилось?» Бізбен сөйлесуге мұрша жоқ. АЛМАГҮЛ СЕРІК, ДИСПЕТЧЕР: «Қазір енді 5-6 сағат, одан да көп күтіп жатқандары бар. 10-я слушает вас! Неше күн ауырып жатыр? Тағы не мазалайды? Диарея? Одышка жоқ па? Пневмония қойылған жоқ па сіздерге? Адрес қалай? Шақырту жазылды сізге. Задержка болады. Кідіріп барады. Күтіңіз!». Күтеміз. РАИСА АБУОВА,  НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНСАСЫ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «103-ке түсе алмағаны, күнделікті қалыпты жағдайда 1200-1500 шақыртудың өзі ұзақ, көп болған болса, қазір 4000 шақырту қоңырау түседі пультке». Салдарынан кезекші санын 9-дан 15-ке, бригаданы 56-дан бірден 3 есе, 150-ге көбейтті. Жеңу үшін ковидті. АЖАР ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Олар өте жоғары физикалық және психикалық жағдайда жұмыс істеп жатыр. Сондықтан медициналық қызметкерлерге ренжімей, өз кезектеріңізді күткендеріңіз дұрыс». Кезегін күте-күте көмек келгенше келмеске кетіп қалғандар көп. Сондықтан ауруы жеңіл түрде өтіп жатқандарға жәрдем беру үшін ақылы мобильді 3000 бригада қызметіне кірісіп кетті. Шақырту құны  5400 теңге. Ақшаны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді. «Мобильді бригадалар өткір респираторлық вирустық инфекция, коронавирус, тұмау, өкпе қабыну белгілері бар тұрғындардың үйлеріне барып ПТР-тест алады. Сонымен қатар пациентті қарап, диагноз қояды. Халық аталған бригадалардың қызметі үшін ақы төлемейді». АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ БАСШЫСЫ ТІЛЕУХАН ӘБІЛДАЕВ Ковидпен қосанжарласқан пневмония да елді үрей құшағына қысты. Өткен бір айдың өзінде өкпесі қабынған 628 отандасымыз бақилық болды. Осылайша ауырып жатқандар саны былтырмен салыстырғанда бірден 55 пайызға өссе, тек маусым айында 4 есеге артып кеткен. Салдарынан ауырғаны бар, ауырмағаны жаппай дәрі сатып алып жатыр. БАЙПАН ӘБДІРАХМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Жолдасым әнеки машинада отыр. Тұра алмайды. Халықтың түрі мынау. Барлығын мал сияқты үйіріп қойған». Байпан апай екі өкпесі қабынған жолдасына таңмен таласып дәрі іздеп жүр. 43 жыл отасқан жарын жамандыққа қимайды. Өліп қала ма деген ой қинайды. БАЙПАН ӘБДІРАХМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Неге қиямын мен, қимаймын мен?! 5 баланың әке шешесіміз. Өсірдік, өндірдік. Енді жаңадан қызы көрем дегенде мынандай жағдайға тап болдық». Дәріні қолдан қымбаттатқаны тағы бар. СӘУЛЕ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Абысыным өткенде ғана 180 теңгеге алған. Бүгін 450 тг. Бізге осылай әкелді, біз сатамыз дейді. Күйеубаламыз ол міне, 10 күн болды температура түспейді, антибиотик ішіп, скорый келіп, ішпеңдер дәрі дейді. Ештеңе істемеңдер дейді. Жанына батып жатса, күйіп кетпей ме ол бала. Сүртіп, үсті-басын сөйтіп жатыр да, енді өзіміздің білгенімізді істеп жатырмыз ғой». Ал, тапшылық қайдан туды? «Мен өзіме іздеп келдім, әйеліме, аурудың алдын алуға. Анализ тапсырмадым әлі. Құдай сақтасын енді». «Карантинге жабылып қалса, үйде тұрсын деп, автобус жүрмей қалса қайтып келеміз деп». Маска мен антисептиктің кезіндегі дүрбелеңі секілді қолдан жасалған дүние ме? БЕРІК ШӘРІП, «СК-ФАРМАЦИЯ» ЖШС-НІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: «Мен түсінемін, халықтың басым бөлігі ауырып жатыр. 45 мыңдай адам тіркеліп отыр. Маусымдық ОРВИ қосылды оған. Жұрт дәріні керек керек емес болса да ала береді. Басқаға жетпей жатқаны сондықтан». Кеш те болса қаулы шықты. Енді елордада дәрі-дәрмектің қолжетімділігін арнайы құрылған топ қадағалайды. АЙЖАН ЕСМАҒАМБЕТОВА, ҚР БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ: "Емханалардың дәрігерлерімен кеңесіп, COVID-19 белгілеріне ұқсас симптомдары бар және пневмония диагнозы қойылған науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйғардық. Бұл препараттардың қатарына антибиотиктер мен балаларға арналған дене қызуын түсіретін дәрілер кіреді. Қажет болған жағдайда емханада құрылған мобильді топтардың көмегімен науқастың үйіне дейін жекізіп бере аламыз". Өйткені, жаңа ережеге сәйкес жасы 65-тен асқан азаматтарға үйден шығуға болмайды! Өзгелерге үш адамнан артық жиналуға рұқсат жоқ. Үйде де, түзде де! Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салынды. Жабық дүкендер, ойын-сауық орталықтары, сұлулық салондары, фитнес залдар, бассейн бәрі жабылады. Күшейтілген карантин 2 апта жалғасады, кейін созылуы да, қатаңдатылуы  да мүмкін. Мақсаты  елді аман алып қалу.