Жаңалықтар

Жыл сайын 18-ге толмаған 1200 қыз тұрмыс құрады

Жыл сайын 18-ге толмаған 1200 қыз тұрмыс құрады

 width= Бұл туралы Newsroom+ақпарат хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. Бала неке. Жылына біздің елде орта есеппен 1200 қыз кәмелеттік жасқа толмай жатып тұрмыс құрады екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Біріккен ұлттар ұйымы келтірген соңғы 5 жылдағы статистика солай. Салдарынан он екіде бір гүлі ашылмаған арулар беліне ерте бала байлап, болашағына балта шабады. Өйткені ерте тұрмысқа шығудың әлегі көп. Мектепті тастайды, дипломы жоқ болғасын жөнді жұмысқа да тұра алмайды. Сөйтіп, күйеуінің қолына қарап, соған тәуелді болып қалады. Ал тәуелділіктің соңы жігіт тарапынан әлімжеттікке әкеледі екен. Мамандардың сөзінше, осылайша әлемде жыл сайын 33 мың қыз ерте некенің зардабын тартады екен.