Жаңалықтар

Анасы білген: 14 жастағы қызды өгей әкесі үш жыл бойы зорлап келген

Анасы білген: 14 жастағы қызды өгей әкесі үш жыл бойы зорлап келген

 width= Түркістанда 14 жастағы қызды өгей әкесі үш жылдан бері зорлап келген екен. Ең сорақысы, бұл айуандықты жеткіншектің анасы білген көрінеді. Бірақ, неге екені белгісіз ешкімге тіс жарып ештеме айтпаған. Мұндай қорлыққа шыдамаған жәбірленуші өзегін өртеген өкінішті өз әкесінің туған әкпесіне айтып берген. Күдікті ұсталды ма? Бұл туралы Newsroom+ақпарат хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 14 жастағы Маргаританың өміріндегі сұмдық оқиға 2016 жылы басталыпты.  Сол уақытта ол  6-сыныпта оқып жүрген. Үш жылдан бері жәбір көріп келген қыздың айтуынша, өгей әкесі оны қорқытып-ұркітіп, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. "Бұл жайлы айтатын болсаң оңдырмаймын" деп қоқан-лоқы көрсетіпті. МАРГАРИТА, ЖӘБІРЛЕНУШІ: "Ол кезде мен 6-сыныпта оқитынмын. Бір күні өгей әкем мені тізерлетіп отырғызып қойып, ойына келгенін істеді. Мен қорыққанымнан оның айтқандарын орындауға мәжбүр болдым. Ал, екі жылдан кейін ол үйде ешкім жоғын пайдаланып, мені жатын бөлмеде шешіндіріп, зорлады". Жәбірленушінің сөзінше, содан бері өгей әкесі үш жылдай зорлап келген. Алайда, әбден жүрегі шайлығып қалған оқушы бұл жайлы ешкімге тіс жарып айтпапты. Ең сорақысы, мұның бәрін туған анасы білгенге ұқсайды. Алайда, көз жұма қарапты. Осыдан түңілген жәбірленуші күндердің күнінде сіңлім азғыннан зәбір көре ме деп қауіптеніп, болған істің барлығын туған әкесінің әпкесіне айтып беріпті. НАТАЛЬЯ МАГИЛАТ, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ ТУЫС ӘПКЕСІ: "Бұл сұмдықты естігенде төбемнен жай түскендей болды. Ол әлі бала ғой. Небәрі 6-сыныпта оқып жүргенде осындай қорлыққа тап болған. Мұның бәрін шешесі біліпті. Сөйте тұра азғын күйеуінің әрекетін әшкерелеу үшін ешқандай қадамға бармаған. Не деген адамдар?". Барлық мән-жайға қаныққан жәбірленушінің әпкесі түркістандық тәртіп сақшыларына арыз түсірген. Аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалған. Күдікті қамауға алынбаған, ешқайда кетпеу жөнінде қолхатпен үйіне жіберіліпті. Әзірге, тергеушілерге жауап беруде екен. САЛТАНАТ ҚАРАКӨЗОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: "Бүгінгі таңда тергеушілермен ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы, яғни «кәмелетке толмаған адамға қатысты нәсіпқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері бойынша» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ретінде осы іс бойынша жәбірленушінің өгей әкесі өтуде". Осы күні жәбірленушіге мектеп психологы көмек көрсетіп жатыр. Маманның айтуынша, қыздың бойында қорқыныш бар. Алайда, ақыл-ойында  ешқандай ауытқушылық жоқ екен әрі өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтқан сөздері шындыққа жанасады деп отыр. НАЗЫМ НҰРМАХАМ БЕТОВА, ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ: "Ойлап қалуы да мүмкін, таппауы да мүмкін. Таппаған балада фантазия жеткілікті дедік қой, енді сандемик жағына келгенде бұл қиындықты жеңе біледі". Қазіргі таңда жәбірленуші туған әкесінің шаңырағында тұрып жатыр. Ал, шешесі сұхбат беруден бас тартты. Жеткіншекті үш жыл бойы зорлап келген өгей әкесінің кінәсі дәлелденетін болса, азғын 12 жылдан 17 жылға дейін сотталуы мүмкін.