Әзілкеш Еркебұлан Мырзабек өмірден өткен анасы туралы жүрекжарды жазба жариялады
Әзілкеш Еркебұлан Мырзабек өмірден өткен анасы туралы жүрекжарды жазба жариялады
Танымал әзілкеш, "Қызық Times" бағдарламаның жүргізуші Еркебұлан Мырзабектың анасы дүниеден өтті. Бұл туралы ол Instagram парақшасына жүрекжарды жазбасын жариялады деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігі.
"Қош бол, мама! Бұл жолы мәңгілікке ыстық тамағыңызды іше алмадым, ыстық құшағыңызға бөле алмадым, тым болмаса соңғы рет жүзіңізді аөріп үлгермедім. Сізге еркелеп жүріп, уәдемді де орындамадым. Осы уақытқа дейін шенді, беделіді, сіздер армандағандай, "осы бағады" дейтіндей адам да бола алмадым. Кім біледі сондай бір тұлға болғанда, шетелге апарып емдетіп, қазір күлкіңізге қарап отырар ма едік!"-деп өкінішін жазыпты. Сондай-ақ әзілкеш өзі де науқастанып қалғанын жазған. "Сізбен жарысып ауырып, төсекке жабысып алдым. Кешірші, мама, үмітіңізді ақтамадым, сіз үміт артқандай бала бола алмадым. Әке, сіз де, кешіріңізші, маманы сізге қарай шығарып салдық",- деп жазған ол.
Еліміздің бірқатар танымал тұлғалары мен желі қолданушылары оған қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. "Иманды болсын!", "сіздей ұлы барына мақтанып жүрген шығар!", "бекем болыңыз, сіздің кінәңіз емес. Алла өзіне керек адамын алып кетеді!", "сен анаң үшін асылы да, жасылы да, бары да, жоғы да сендерсіңдер. Сен үмітін ақтаған ұлысың. Халық танып, елдің алдында жүргеніңнің өзі ол кісіге бақыт емес пе?! Бекем бол, бауырым!" деп жазыпты.