Жаңалықтар

Вьетнамнан үш Бәйтерек табылды

Вьетнамнан үш Бәйтерек табылды

Шығыс Азиядағы Вьетнам елінен елордадағы Бәйтерекке ұқсас ғимараттар табылды. Бұл туралы Daniyar Kuantkanov есімді фейсбук қолданушысының парақшасына сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі хабарлайды.  width= «Нашли хорошую летовку, зимовку, житницу и здравницу. Пока вот так застолбили. Границы откроют перекочевывайте» - деген Данияр Қуантқановтың постын желі қолданушылары қызу талқылауда. Alpamys Zhanys есімді қолданушының жазуынша, Вьетнамның солтүстік-шығысындағы Бакнинь қаласында осындай «Бәйтеректердің» үшеуі бар екен. «Каждому жузу по одному...» - деп өз постына пікір қалдырған Д.Қуантқановтың бұл комменті де оқырмандар тарапынан 3-4 лүпіл жинаған.  width= Әр түрлі бағыттағы орысша пікірлер көптеп жиналған пост әлі де қызу талқылануы мүмкін. Осы орайда, аталмыш оқиғаға ерекше қызығушылық танытқан newsroom.kz редакциясы Бакнинь қаласына барып, оқиға орнынан жаңалық таратуға әзір екендіктерін мәлімдейді. Ескерту: материалды портал рұқсатынсыз, не гиперсілтемесіз көшіріп басуға болмайды :)