Жаңалықтар

5 шілдеден бастап Семей мен Өскемен жабылады

5 шілдеден бастап Семей мен Өскемен жабылады

ШҚО қалалары мен аудандарында адам мен көлік қозғалысы шектеледі.

Семей мен Өскемен қалалары 5 шілдеден бастап жабылады, деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі zakon.kz. сілтеме жасап. "Мемлекеттік комиссия елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті. Өз тарапымнан, Шығыс Қазақстанда 1700 инфекциялық, 2500 провизорлық және карантиндік төсектер, сондай-ақ қарқынды терапия палаталары дайын екендігін айтқым келеді. ⠀ Өңірде жедел медициналық көмек қызметі көрсетілмейтін елді мекен жоқ. Медициналық мекемелер мен атқарушы биліктің өзара іс-қимылының барлық алгоритмі бекітіліп, пысықталды. ⠀ Оқиға дамуының ең жағымсыз сценарийіне жол бермеу үшін біз 5-шілдеден бастап Өскемен және Семей қалаларын жабамыз. Қалалар мен аудандарда тұрғындар мен көліктердің қозғалысын барынша азайтамыз. Мұның бәрі коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін жасалатын әрекет. Тек өзін-өзі оқшаулау ғана COVID-19 қарсы күрестің пәрменділігін көрсетті. Карантиндік шаралар қатаң сақталған барлық кезеңінде облыста ауырғандар саны 135 болды. Алайда, тек маусым айында бұл көрсеткіш 710 адамға артты. ⠀ Сондықтан қозғалысты шектеу шараларын осы демалыста бастаған аса маңызды. Бізге байланыс тізбегін үзу қажет! Қалыпты өмірге тезірек оралуымыз керек. Бірақ, оған жоғары жауапкершілік танытқан жағдайда ғана қол жеткізе аламыз. ⠀ Бұл ретте айта кетейін, кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, ХҚО (қысқартылған кесте бойынша) жұмысын жалғастырады. Біз енгізілген карантиндік шаралардың салдарынан бизнесті барынша қорғауға тырысамыз. Сіздерді тағы бір мәрте бұл шараларға түсіністікпен қарауға шақырамын. Еуропа елдерінде не болғаны баршамыздың есімізде. Ол жақта да бастапқы кезде адамдар қабылданған қатаң шаралардан нәтиже болатынына сенбеді. ⠀ Бүгінде әлеуметтік қашықтық, өзін - өзі оқшаулау, маска режимін сақтау - бұл адамдардың өз қауіпсіздігі үшін жасайтын қадамдардың ең азы. ⠀ Біз өз кезегімізде өңір ауруханаларын қажетті техникамен және дәрі - дәрмектермен, ал дәрігерлерді қорғаныс жиынтықтарымен қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктерді жасадық. Қазір біздің ортақ міндетіміз шектеу шараларын бірге сақтау және вирустың таралуына жол бермеу", - деп жазды Даниал Ахметов Instagram-да.