Жаңалықтар

"Аялдамада жаттық. Қайда барсақ карантин дейді

"Аялдамада жаттық. Қайда барсақ карантин дейді

Көкшетауда бір отбасының мүшелері далада түнеп жүр. Паналайтын лашық таппай қалғандардың ең үлкені 85 жаста. Тыл ардагері 50-дегі қызы мен 29 жастағы жиенін жетектеп бір айдан бері автобус аялдамаларын жағалап жүр. Кейуананы көрген тұрғындар аяушылық білдіргенімен, әзірге қол ұшын берген жан жоқ. Бұл туралы Newsroom+ тілшісі КТК-ға сілтеме беріп хабарлайды.

 />

Бейбақтың күйін кешкен отбасы карантин кезінде қаланы емін-еркін аралап, кез келген жерге түнейді. Қазір де жүгін үйіп тастап орталық көшеде отыр. Бірақ кезбелерге назар аударған жан жоқ. Олардың осылайша тентіреп жүргеніне бір айдан асқан. Үйсіз-күйсіз қалғандар, базар жағалап, асханалардан қалған тамақты жеп күнелтеді.
<div class=
"Аялдамада жаттық. Тоңатын болдық. Қайда барсақ карантин дейді. Қала әкімдігіне барсаң, милиция шығады, карантин деп кіргізбейді. Шыны керек, өте қиын жағдай. Біздің баратын жеріміз жоқ. 30 жыл бұрын менің әкемнің үйі болған. Оны тумаған ағам бірінші әйелден тартып алды", - Ботакөз Күдеринова. Қаңғып қалған кезбелер бұған дейін Көкшетауда үш жыл біреудің лашығын жалдап тұрыпты. Сол жыртық үйдің өзін бәз біреулер тонап, есік терезесін талқандап кеткен. Осыдан кейін үй иесі кейуананы баспанасынан қуып шығарған. Қызы Ботакөз буын ауруымен жұмысқа жарамсызбын десе, жиені Құрманғазы психдиспансерде есепте тұр. Алайда қаланың қақ ортасында түнеп жүрген үшеуін әлеуметтік қызметкерлер таба алмадық дейді. "Орталықтың қызметкерлері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге шығып, сол жанұяны іздестіріп көмек көрсеткісі келген. Бірақ, өкінішті, сол жолы табылмады. Бірақ біз ақпарат жұмысын өткізіп білдік осы 3 адам туралы. Оларда зейнетақы төлемдер бәрі алынып жатыр", - дейді Қали Ахметов, «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы. Әлеуметтік бөлім басшысы олар Зеренді ауылында тұрғылықты есепте тұрғандығын анықтаған.  Жасы 90-ға аяқ басқанда  көше кезіп қалған кейуана, тыл ардагері Мәруә әжей әйтеуір бір қайыры бар жан кездесер деген үмітте. Зейнетақы мен ақыл- есі кем жиенім алатын жәрдемақыға да қанағатпыз. «Тек басымызға бір баспана бұйырса» - дейді. Олар осы уақытқа дейін пәтер кезегіне де тұрып көрмепті. Сол себепті мемлекеттік органдағылар қауқарсызбыз деп отыр.