Төрт сағат бойы ұрған: Қарағанды облысында ер адам жүкті әйелін аяусыз соққыға жыққан

Төрт сағат бойы ұрған: Қарағанды облысында ер адам жүкті әйелін аяусыз соққыға жыққан

ашық дереккөзі

Балқаш қаласының тұрғыны жүкті әйелін төрт сағат бойы ұрған. Аяусыз соққыға жыққан күйеуінің әрекетін әйелі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.

ұру Жантүршігерлік оқиғаны бастан өткенгер әйел видеоны желіге жүктеп, оны барынша таратуды сұраған.
Әйел жүктіліктің 18-інші аптасында екен. Сонымен қатар, ол желідегі жазбасында бала көтере алмағаны үшін жолдасынан 8 жылдан бері таяқ жеп келе жатқанын атап өтті. Әйелдің сөзіне қарағанда, ішімдікке сылқия тойып алған күйеуінен құтқаруға полицияны шақырған екен, бірақ ешкім көмекке келмеген. Видеодан ер адамның әйелінің шашын жұлып, жұдырықпен ұрғаны аздай, ағашпен сабағанын байқауға болады. Қазір аталған істі полиция департаментіндегілер тексеріп жатыр. "Полицияда қылмыстық іс тергеліп, тиісті сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Қарағанды облыстық ПД МТАБ басшысы Жанатай Сембеков.

Жүктелуде...