Қостанай облысы Жангелді ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Төрбаев қайтыс болды. Өлім себебі коронавирус инфекциясы болуы мүмкін, - деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі
Saqshy Qostanai сілтеме жасап.
Коронавирустан өлім жағдайын арнайы құрылған комиссия зерттеп жатыр. Ол медициналық құжаттарды егжей-тегжейлі зерттейді және өлімнің себебін анықтайды. Қосымша ақпарат комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін жарияланады.
Бақытжан Төрбаев Жанкелді ауданы әкімінің орынбасары қызметін 2017 жылдың маусымынан бері атқарып келген. Жасы - 43-те.
3 шілдедегі жағдай бойынша, Қостанай облысында 993 адам коронавирус жұқтырған, оның 309-і аурудан жазылса, үш науқас қайтыс болған.