Шымкенттегі елестер үйінде Дінмұхамед Қонаевтың суреті бейнеленген граффити пайда болды, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оtyrar.kz порталының жазуынша, үйдің қабырғасында мемлекет қайраткерінің: "Адамға жазаның ең үлкен - жұмыссыз қалдыру", - деген сөзі жазылған.
Айта кетейік, үй Дулати мен Мәделі қожа көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұған дейін екі рет жанып кеткен.
Ол елестер үйі ретінде танымал. Тозығы жеткен үй бірнеше жылдан бері бос тұрғанына байланысты осылай аталып кеткен. Терезелерінде әйнектер жоқ.
Көршілердің айтуынша, өзгеге білгісіз себептерге байланысты үй иелері мұнда ешкімді қоныстандырмаған, өздері де тұрмаған, уақыт өте келе бұл көптеген қауесет пайда болған. Кейбіреулері үйдің қараусыз қалғаны елестермен байланысты деп сендіреді.