Үйленгенін елден жасырған танымал вайнер алғаш рет қызын көрсетті
Үйленгенін елден жасырған танымал вайнер алғаш рет қызын көрсетті
Әлеуметтік желіде Seka vines лақап атымен танылған Серғазы Тоқтарбек алғаш рет қалың көпшілікке қызын көрсетті. Ол кестетігерімен түскен видеосын жариялап, ел жүрегін елжіретті. Оның өнеріне тәнті желі қолданушылары қызы екеуіне лүпілдерін жаудырып, жылы лебіздерін жарыса білдіріп жатты деп жазады Newsroom+ тілшісі KAZ.NUR.KZ. сілтеме жасап.
Сека вайнер Instagram парақшасы арқылы көпшілікке қызын көрсетуді ұйғарған. Перзентімен түскен бейнежазбасымен бөліскен актер оқырмандары арасында сауалнама жүргізген. Ол сәбиінің өзіне қаншалықты ұқсайтынын білгісі келген. Желі қолданушылары әкесі мен қызына сүйсіне қарап, белгілі вайнерге ақ тілегін жаудырды. "Көз тимесін, тәтті қыз" , "Сіздің көшірмеңіз ғой" , "Аумайды өзіңізден, папасының қызы екені көрініп тұр" , "Айнымай қалған. Аузынан түсіп қалғандай" , "Папасының еркесі, болашағың жарқын болсын" , "Сека әке болған жарасады екен. Бұйыртса балаларыі көп болсын" , "Үйленіп алғаныңды енді естідім. Қызың бар ма сонда?", "Жарайсың, отбасылы екенсіз ғой. Қызыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз" , - деп жазуда желі қолданушылары.
Айта кетейік, бұған дейін Сека вайнер өзінің бойдақ еместігін айтып, үйленіп алғанын мойындаған болатын. Желі жұлдызының жары оның өнерін аса ұнатпайтын болып шықты.