Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов дүниеден озды. Бұл туралы Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров Telegram-каналында мәлімдеді.
"Достар, Абдулманап Нурмагомедовтің дүниеден өткені туралы қайғылы хабар келді. Мен бүкіл шешен халқының атынан Абдулманап Магомедовичтің отбасына шын жүректен көңіл айтамын! Ол арамыздан кетіп, артында жақсы ат қалдырды және лайық ұрпақ өсірді!", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін 57 жастағы Абдулманап Нурмагомедовтің 25 сәуірде Дағыстанда ауруханаға түсіп, пневмония диагнозы қойылғаны хабарланған еді.
3 мамырда оның денсаулығы нашарлап, Мәскеуге жеткізілген. Артынша Нурмагомедовтің
комаға түскені белгілі болған еді.