Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
3 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Үш күн қатарынан жаназаға барған анам ауырып қалды

Үш күн қатарынан жаназаға барған анам ауырып қалды

Үш күн қатарынан жаназаға барған анам ауырып қалды
ашық дереккөзі
 width= "Қазақты ұят өлтіреді" деп атам қазақ бекер айтпаған. Қазақтың түбі бір, бәрі туыс. Жақын адамымыздың қуанышымен қайғысында қасынан табылуды парыз деп білеміз. Онсыз да індеттің ушығып тұрғанына қарамастан, басқосулар күнде болып жатқаны жасырын емес. Таңертең оянғанда жақсы жаңалықпен оянсақ деп тілейтін болдық. Таң мен түнгі қаралы хабарды есіту өте ауыр. Бір апта бұрын жүзден асқан әжемізлің қайтыс болғанын есіттік. 107 дегі қарияның дәм тұзы осы кезде таусылған екен. Әкеден қалған ең үлкені болған анам жаназаға қатысты. Мәңгілік мекеніне аттандырып келді. Араға бір күн салып, анамның бөлесі қайтыс болды. Елуді енді ғана еңсерген ержігітті бәлевирус аямады, арамыздан жұлып әкетті. Амал жоқ. Алланың басқа салғанына көнесің. Тағы бір күн түнеп, таңертең анамның жеңгесінің өмірден өткенін естідік. "Ұят болады!" Үш жаназаға қатысқан анам ертеңіне дене қызуы көтеріліп, сұлқ түсті. Ешкімді аямайтын ауру жабысты. "Өлген өліп кетеді, тірі тірлігін жасайды" екен. Туысқандар жақынынан айырылып аңырап жатқанда, біз анамызды дендеген ауруымен алыстық. Алпысты алқымдаған жанның ауруынан айығуы қиындау. Жатсақ тұрсақ анамыздың аурудан жазылып кетуінн тілеп жүрміз. Ешкімді ауыртпаса екен. Ауырғандар тез жазылып кетсе екен?!