Н.Ә. Назарбаевтың қан материалдарынан коронавирусқа қарсы вакцина әзірленетіні туралы интернет желісінде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
«Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзылуына байланысты, уәкілетті органдарға осы материалға тиісті сараптама жүргізіп, оның одан әрі таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды», - делінген хабарламада.
Министрлік азаматтардан әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратуға жол бермеуді және тек ресми көздерге сенуді сұрайды.
Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін тұлғалар ҚР ҚК 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін еске салады.