Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
3 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ордабасы ауданында су каналдары мәселесі жолға қойылды

Ордабасы ауданында су каналдары мәселесі жолға қойылды

Ордабасы ауданында су каналдары мәселесі жолға қойылды
ашық дереккөзі
 width=   Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығын дамыту кеңінен қолға алынған. Әсіресе су арналарының жұмысын жақсарту, суармалы егістіктерді сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарға басым мән берілді. Аудан бойынша  871  шақырымды құрайтын  85 канал арқылы                33 131 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жер игеріледі. Атап өтсек, республикалық меншікте 153 шақырымды құрайтын 14 канал бар, суармалы жер көлемі 6357 гектарды құрайды. Ал облыстық меншікте 459,7 шақырымды құрайтын 45 канал бар, суармалы жер көлемі 19 202 гектарды құрап отыр. Ауыл округтерінің меншігінде 109,3 шақырымды құрайтын  17 канал болса,  суармалы жер көлемі 2 488 гектар. Сондай-ақ жеке меншікте 149 шақырымдық 9 канал,  суармалы жер көлемі 5084 гектарды құрайды.  width= Қазіргі уақытта аудан көлемінде егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жақсарту әрі шілде айында су жетпей қалу қаупін сейілту мақсатында бірқатар каналдарға демеушілер есебінен механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда 380,9 шақырымды құрайтын 43 каналға механикалық тазалау жұмыстары жасалып жатыр.  Механикалық тазалауды 214,6 шақырым қажет етіп отыр, ал , бүгінгі таңға тазаланғаны 97 шақырым. Қалған 117,6 шақырымы 15 шілдеге дейін толық тазаланады. Осының нәтижесінде шілде айында су жетпей отырған 2 228 га жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарып, 15 699 га жердің суға қанығуы оңалады. Тағы бір тілге тиек ететін жайт демеушілер есебінен механикалық тазалау жүргізілетін каналдарға бүгінгі күнге 7 дана техника жұмыс жасауда. Атап айтқанда Қажымұхан ауыл округінде 3  дана техника, Шұбар ауыл округінде 2 дана техника, Бадам  ауыл  округінде 1 дана техника, Бөржар ауыл округінде 1 дана техника жұмыс жасауда. Сонымен қатар Қараспан ауыл округінде 905 агроқұрылым  жалпы 4 731 гектар суармалы жер көлемін пайдалануда. Оның ішінде «Қараспан магистралды» каналы арқылы жалпы ұзындығы 80 шақырымды құрайтын 17  ішкі  каналдармен ауыл шаруашылығындағы 4 258 гектар суармалы жер суарылады. Қалған 473 гектары Қажымұхан ауыл  округіне  қарасты «Құртай» каналы  арқылы және насостар арқылы суарылмақ. Бірнеше жыл қатарынан жаз айында егістік жерлерге су жеткізу ауыл округінің өзекті мәселесіне айналған еді. Мәселені шешу үшін Бадам өзеніне бөгет қойып, ұзындығы 4,2 шақырым жаңа канал қазылды. Және «Қараспан магистралды» каналына су жіберу арқылы 2 664 га жерге су жеткізу мәселесінің түйіні шешілді. Нәтижесінде Ордабасы ауданы Бейсен, Жаңатұрмыс, Ақжол, Мақташы, Сарыарық, Жұлдыз Ынтымақ, Мәдениет, Семхоз елді мекендеріне егістік  жерді сумен қамтамасыз етуі  жақсарып, ауыл шаруашылығы өнімі артатын болады деп сенеміз.