Зейнеттегі полковник дәрі еккеннен кейін көз жұмған

Зейнеттегі полковник дәрі еккеннен кейін көз жұмған

ашық дереккөзі

Алматыдағы ардагерлерге арналған аурухағана өз аяғымен барған зейнеттегі полковник екпе салдырғаннан кейін көз жұмды. Орын жоқ деп ғимарат есігінен кіргізбеген дәрігерлердің қабылдауында болу үшін ол екі сағаттан астам сыртта күткен екен, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.  width= "Скорый шақырыңдар, мында келдім скорый шақырыңдар деп. Біреуі келмей қойды". Жанары жасқа толып, жолдасынан дәл осылай айырылып қалам деп ойламаған марқұмның жұбайының дауысы аурухана маңайын жаңғыртты. Ардагерлерге арналған ауруханада тіркеуде тұрған 71 жастағы зейнеткерге "гастрид" деген диагноз қойылыпты. Қатты сырқаттанып тұрғанын үйіндегілерге айтып, ем алуға келген екен. Бірақ, орын жоқ деген дәрігерлер қабылдаудан бас тартып, екі сағаттан астам есік алдын торуылдап жүріпті. Дерті асқынғасын ақ халаттылардан екпе салуын өтінген. Қабылдаған екпеден кейін арада 20 минут өткенде сол жерде жүріп кеткен. СӘБИТ ҚЫЗАЙБЕКОВ,  МАРҚҰМНЫҢ ҰЛЫ: "Сап-сау аяғымен келген адам бүгін енді, қазір укол салып шыққаннан кейін 20 минуттан кейін қайтыс болып тұр больницада. Екі сағат далада жатты. Ешкім келіп көмектескен жоқ. Ішіндегі салған 60-кабинеттегі салған врач бәрі қашып кетті. Түгел қашып кетті". Туыстарының айтууынша, әуел баста ешқандай дәрі-дәрімек жоқ деп хабарлаған екен. Біраз уақыт өткеннен кейін ем болар екпенің табылғанын айтып ішке шақырыпты. Екпелен соң о дүниеге аттанған қартқа дәрігерлердің қандай дәрі салғаны жақындарына сол күйі жұмбақ. Өйткені, медицина қызметкерлері әртүрлі нұсқаларды айтса керек. ГҮЛНҰР ДАУЫЛБЕКОВА, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ: "Бәріне сондай укол салып жатырмын. Ношпа салдым деді. Обезболивающие ношпа салдым деді. Кейін, жаңағы кісіге жаға ма, жақпай ма білмейміз ғой. Бірақ енді біз нақтысын сұрап алдық. Енді келеді де, бала-шағасы келіп сұраса, бала-шағасына біз кетотап или кетотал сондай укол салдық деп уже басқаша сөйлеп жатыр". Оқиғадан кейін аурухана есігінде ішінен құлып ілініп, ешкім жауап беруге шықпады. Қайғыдан ұан жұтқан жандар есік алдында ұзақ тұрды. Оқиғаныңжай-жапсарын білу үшін аурухананың бас дәрігеріне хабарластық. Алайда, түщымды ештеңе айтпады. НҮРЗИЯ ДӘУРЕНБЕКОВА - ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕР ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: "Қазіргі таңда бұл істі басшылыққа жіберді. Басшылық та тексеру қажет. Жауабын алған мезетте, бірден айтамыз". 71 жаста өмірден озған Адамбек Байыров полковник шенінде зейнетке шыққан екен.  Алматы облысында тұрып келген. Екі күн бұрын коронавируске тест тапсырып, онысы теріс нәтиже көрсетіпті. Ауруханаға өз аяғымен барып, соның ауласында көз жұмған марқұмның туыстары енді әділ шешім болса дейді. Сондықтан оның денесін сараптама жасауға беріпті. https://www.youtube.com/watch?v=YNKjACsFUPo  

Жүктелуде...