Науқастарға қанша төлейсіздер, мен де ауырайын? Ақтөбеде COVID-19 қауырт желісіне осылай деп хабарласатындар бар екен. Енді ғана іске қосылған орталыққа тәулік бойы түрлі сауалдар түседі. Телефон тұтқасында отырған операторларға тіпті пандемияға қатысы жоқ сұрақтарға да жауап беруге тура келеді,
906-606. Дәл осы алты санды терсеңіз, оператор пандемияға қатысты сауалыңызға жауап береді. Әр оператордың алдында интернетке қосылған бір-бір компьютер және ақпарат жазылған анықтамалық бар. Телефон тұтқасында отырғандардың барлығы мемлекеттік қызметкерлер. Олар үш ауысыммен жұмыс жасайды, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
СОВЕТХАН БАЙМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Күніне 600-ден 1000-ға дейін, кейде одан да көбірек қоңырау шалады. Адамдардың қойған сұрағын біз аяғына дейін жеткізуге тырысамыз. Сол бойы жауап бере алмасақ, артынан құзырлы мекемелерге шығып, кері байланыс жасап, жауап беруге тырысамыз».
Ақтөбеліктерді не алаңдатады? Операторлар соңғы 3 тәулікте дәрі-дәрмек туралы сұрайтындар саны күрт артқанын айтты. Керек препаратты таба алмай жүргендер хабарласса, Колл-орталықтағылар қай дәріханада бар екенін анықтаған жағдайда, сол мекеменің байланыс телефондарын береді.
ШОҚАН МАРАТ, ҚАУЫРТ ЖЕЛІ ОПЕРАТОРЫ: «Қоятын сұрақтарыдың көбісі- дәрі жоқ, осындай дәріні тауып беріңіздер ма, жедел жәрдем телефонын алмайды! Звондап жатырмыз, ешкім жауап бермейді».
Колл-орталыққа хабарласқандар панедмияға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын сұрақтарды қояды екне. Мәселен, моншаға барғымыз келді, жұмыс істеп тұр ма екеннен бастап, бітеліп қалған кәріз құбыры, жолдың жайын айтып шағымданатындар да бар екен. Ал індет басталған кезде, коронавирустың барына сенбей, жасап жатқан тірліктерің өтірік деп айтқандар да болған.
ШОҚАН МАРАТ, ҚАУЫРТ ЖЕЛІ ОПЕРАТОРЫ: «Ауырып жатқандарға ақша беріп жатыр екен дейді. Сондай сұраұтар болды. Қаншадан беріп жатсыңдар деп сұрақ қояды. Ол кезде сенбеді. Қазір сеніп жатқан шығар. Үлкен әжелер звондайды сосын. Маған домофон керек. Кілті керек. Істеп беріңдер, сендер «Цифралсыңдар» дейді».
Әкім-қаралар колл-орталық арқылы халықпен кері байланыс орнаттық, жағдай бақылауда дегенімен, дәрі-дәрмек тапшылығы әлі өзекті. Қай дәріханаға бармаңыз, ұзын-сонар кезек. Іздегенін тапқандар некен-саяқ. Сол баяғы қызу түсіретін, антибиотик, тұмауға қарсы препараттар қат.
- Антибиотиктер жоқ.
- Барлығында жоқ па?
- -Иә.
- Қанша аптеканы араладыңыз?
- Бәріне бардым. Көбісінде жоқ.
- Колл-центрге звондап, қай аптекада бар деп сұрап көрдіңіз бе?
- Жоқ, сұрамадым.
- Іздеген дәрілерімді таппадым дәріханалардан. Неше аптека, 10 шақты аптекаға кірдім, аскорбинка таба алмай жүрмін. Ақыры таба алмағасын, системаны аскорбинкасыз алдым. Әрең жүрмін осы жүргенде
- Інім де ауырып жатыр, температурасы көтеріліп. Дәрі атаба алмадық деді. Парацетамол, сосын гриппке байланысты дәрілер жоқ болып тұр))
Қауырт желі арқылы пандемия, карантин, шектеу шаралары және сырқат белгілері мен дәрі-дәрмекке қатысты сауалдарды жолдауға болады. 906-606 телефонына 24 сағат бойы хабарласуға болады.
https://www.youtube.com/watch?v=gU-5_GIHOyo