Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
3 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Келген өрт сөндіру көлігінің суы таусылып, үй түгі қалмай жанып кетті

Келген өрт сөндіру көлігінің суы таусылып, үй түгі қалмай жанып кетті

Келген өрт сөндіру көлігінің суы таусылып, үй түгі қалмай жанып кетті
ашық дереккөзі
Елорда іргесіндегі 85 мыңға жуық тұрғыны бар елді мекендерге небәрі 3 өрт сөндіру көлігі қызмет көрсетеді.  Тілсіз жаумен күресушілердің жетпеуінен жұрт зардап шегуде. Мәселен, Тайтөбе ауылындағы әйел адамның жалғыз баспанасы отқа оранып, үш баласымен далада қалды. Барлық құжаттары жанып кеткен. Ең жақын 30 шақырым жердегі Қабанбай батыр ауылынан келген. Техникада су жеткілікті болмапты. Аймақ басшылығы осы мәселені шешсе дейді ашынған жұрт, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.  width= "Все у пожарников вода закончилась. Приехал только один пожарный расчет и вода закончилась. А дом продалжает гореть. Света нету, воды нету. Самим тоже не потушить". 30 маусым күні кешкі 7-лер шамасында басталған өрт, дереу күш алып, 8 бөлмелі пәтердің дымын қалдырмаған. Ал, түтіндеп басталған уақытта шақырылған өрт сөндіру мамандары әупірімдеп жеткенімен, сулары таусылып қалған. Ал, жақын маңда жалынды өшіретін тіршілік нәрі жоқтың қасы. "Бұл 8 бөлмелі баспананың бүгінгі сиқы осы. Екі күн бұрын болған өрт үйдің төбесін ортасына түсірген. Ал, жылжымайтын мүлік иелері бұл баспанын 10 жылдан бері, өз қаржысына салған көрінеді. Жылдар бойы еңбекпен келген баспананың, бір сағатта күлік көкке ұшып, қазір отбасы 3 баласымен далада қалды". Ал, үй иесі жылдар бойы тірнектеп жиған қаражатына тұрғызылған баспанасының бүгінгі жағдайын көрсетіп, көзіне еріксіз жас алды. Оқиға болатыннан сәл-ақ алдын ол, жағымсыз күйген иісті сезген. Бірден жақын маңдағы электр мамандарын шақырғанымен, ешқайсысы келіп, тексеруге ниет білдірмепті. Көп ұзамай, шатырдан басталған өрт көз ілеспес жылдамдықпен тарап, айналаны түтін баса бастағанда, балаларын сыртқа шығарып үлгерген екен. ЭЛЬВИРА АЛИМОВА, ТАЙТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: "Міне, жолда, жолда деді. Соның өзінде 40 минут өтті. Сол жолда дегеннің өзінде. Ол келгеннің өзінде де өрт қатты емес еді. Оларда су таусылды. Олар су жоқ, су жоқ деп бір-бірімен дауласып, өздері сасқалақтап жүр. Менен олар, өз алдына сасқалақтап жүр. Олар екіншісін заправить етуіміз керек деп суға кеткенде үйімнің 50% суға айналды". 700-ге жуық түтіні бар тайтөбеліктер ауылда жиі үй өртенетінін айтып дабыл қақты. Шақырған өрт сөндіру көліктері Қабанбай батыр ауылынан келем дегенше тағатымыз таусылады, - дейді. Жақын маңдағы Қосшы ауылына да өрт сөндіру бекетін тұрғызу мәселесін айтып, әкімнің атына да бірнеше рет хат жазған. Бірақ, істің алға жылжитын түрі жоқ көрінеді. Айта кетейік, 85 мыңға жуық тұрғыны бар елді мекендерге бар-жоғы 3 өрт сөндіру көлігі қызмет көрсетеді екен. МАРАЛ ТАШЕНОВА, ТАЙТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Міне, көріп тұрсыз ғой үй жанып жатыр. Жылда бізде бір емес былтыр да осылай бір үй жанып кетті. Сондықтан, бізге бір пожарный станция керек. Адамдардың айқайы енді бұл. Сондықтан, бізге сұрайтынымыз, Лесная поляна, Қосшыда 85 мың адам тұрады. Анау, пожарный келгенше, осында жақын болса мынаны құтқарып алуға болушы еді". ЖАНТАС МҰХАММЕДОВ, ТАЙТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Білмеймін, бір жарты сағат па, 40 минут па? Пожарка келді, бір кішкене 10 минут та шашқан жоқ. Су бітті деп кетті. Одан кейін, тағы 20 минут күттік. Сол екі ортада үй түгел 40 минуттың ішінде жанды да кетті. Пожарный өрт сөндіретін нелері жоқ. Техника керек бұл жерге." Өрт сөндіру бекетінің бұл аймаққа керек екенін Қосшы ауылдық окруігінің әкімі де мойындап отыр. Халық күн санап өсіп жатқанын айтқан шенеунік, осы секілді төтенше жағдайлар жиі болып тұратынын айтады. Техниканың да барлығы ескіріпті. Нысанды ашу үшін арнайы жер телімін де бөліп берген, енді Төтенше жағдайлар комитеті тарапынан қаржы күтіп отыр екен. Себебі, ауылдық жердің бюджетінің мұндай мәселелерді шешуге шамасы жетпейтін көрінеді. ЕРЖАН ЖОЛЫМБЕТОВ, ҚОСШЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: "Біз жер бергенбіз. Олар жерін алған. Қабанбай батырда 3 машинасы бар. Бір сменде 3 адам ғана шығады. Сол кішкене нагрузка болып жатыр. Бірақ, Қабанбай батыр Қосшы 80 мың адамды обслуживане жасайды олар. Енді, салу керек пожарный часть салу керек бізге. Жердің барлығын бергенбіз. Біз енді, көмек береміз. Разовый көмек 100 МРП. Біз жағынан район жағынан". 8701-519-00-84 Үйі өртенген әйел қазір туыстарын паналап отыр. Ал, отағасы болса жиналған қарыздарды төлеу үшін шетел асып, еңбек етуге кеткен. Көмек қолын созам деген қайырымды жандар болса, экранның төменгі жағында көрсетілген нөмірге хабарласуларыңызға болады. 3 баласымен қалған ана кез-келген жәрдемге зәру. Себебі, құжатының барлығы дерлік жанып кеткен. https://www.youtube.com/watch?v=VPnd-EboTng