Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
3 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Соңғы тәулікте коронавирустан 10 адам, пневмониядан 20 адам көз жұмды

Соңғы тәулікте коронавирустан 10 адам, пневмониядан 20 адам көз жұмды

Соңғы тәулікте коронавирустан 10 адам, пневмониядан 20 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Елімізде соңғы тәулікте коронавирустан тағы 10 адам көз жұмды. Ал пневмониядан қайтыс болғандар одан да көп. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Науқастар саны соңғы күндері тым көбейіп кеткендіктен, қонақүйлер мен спорт кешендеріне төсектер қойылып, пациенттер сонда жатқызылуда, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.  width= Соңғы тәулікте КОВИД-тан 10 адам, пневмониядан  20 қазақстандық көз жұмды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзінше, 30 маусымға дейін коронавирус жұқтырып, бірақ басқа дерттен 101 отандасымыз қайтыс болған. Вирусқа шалдыққан 256 жанның жағдайы өте ауыр екен. АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: «Өлімге әкелген негізгі дерті  қан-тамырлары ауруы, обыр, жүрек талмасы, және өзге де індеттер. Біз бұл қайтыс болғандарды ортақ статистикаға қоспаймыз». Елде пневмония да өршіп тұр. Өткен айда 32 мыңнан артық жерлесіміз өкпе қабынуымен дәрігерлерге жүгінген. АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «2020 жылдың жарты жылдығын өткен жылдың осы мерзімімен салыстырсақ, пневмонияны жұқтыру фактісі 55,4 пайызға өскен. Бір ғана өткен айда 32 мың 724 адамға осындай диагноз қойылған. Ал 2019 жылы  7964 адам дәрігерлерге жүгінген еді». Соңғы тәулікте 1500-ден қазақстандықтан коронавирус анықталды. Сөйтіп, инфекцияға шалдыққандар саны 42 мыңнан асып кетті. Сондықтан ауырып жатқандарға арналған төсек-орындар саны да елде артуда. «Елордадағы мына менің артымда тұрған «Рамада Плаза» бұрынғы қонақ үй, қазір кезде коронавирусқа шалдыққандарды емдейтін ауруханаға айналды. Бүгінде бұл жерде 250 жатын орны бар. Алдағы уақытта тағы 500 адам осында ем алатын болады». "Рамада Плазада" палата, реанимация бөлімдері, емдеу бөлмелері болып бөлінген. Жергілікті билік ауырған адамдардың өмірін сақтап қалуға керек медициналық құралдардың барлығы бар, дейді. Бұрынғы қонақ үйде бүгінде 100 адам ем алуда. АЙЖАН ИСА, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ «Өткен аптада 800-ден астам төсек орналастырылды. Нөмірі бірінші көпбейінді аурухана толығымен 600 орындық инфекциялық ауруханаға ауыстырылды. Сондай-ақ, төсек орындары Ұлттық ғылыми  медициналық орталық, Қорғаныс министрлігі ауруханасы және Ұлы отан соғысы ардагерлерінің клиникалық ауруханасының негізінде де құрылды». Ал, Павлодарда екі мың адам провизорлық госпитальде ем алуда. Бұлардың арасында коронавирустан бөлек, пневмония мен тұмау жұқтырғандар да бар. Ашық ақпарат көздерінде пневмониядан - 27, ал коронавирустан 18 адам көз жұмғаны келтірілген. Бұл облыста дап медициналық мамандары тапшы. КСМ: Аймақта вирус өршіген соң, спорт сарайы мен шипажайларда тағы 800 төсек-орынды  ашылды. Спорттық нысанда 150 адам жатқызылмақ. СӘУЛЕ ОСПАНОВА, ОБЛЫСТЫҢ БАС ЭПИДЕМИОЛОГЫ: «Павлодардағы «Баянтау» спорт сарайында пациенттерді қабылдау мен диагностикалау орталығы, ал Мойылды мен Ақсудағы шипажайларда қосымша провизорлық стационарлар ашылды. Осы жерде коронавирус диагноздарына ұқсас симптомдары бар адамдар қабылданады». Денсаулық сақтау министрлігі енді коронавирустан көз жұмғандардың санын аптасына бір рет ғана хабарламақ. Ведомство басшысы бұл қадам статистикамен шатаспас үшін жасалып жатқанын айтты. Өйткені бір адамның неден қайтыс болғанын нақты анықтау үшін кемінде 1-2 күн керек екен. https://www.youtube.com/watch?v=3roufdWPpFQ