Әлемде 24 миллион бала мектепке бара алмайды

07 Қараша, 2018 650 0

Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының дерегінше, экономикалық және әлеуметтік дамуы кенжелеп қалған 22 елде 24 млн. бала мектепке бара алмай отыр.

Нақтырақ айтқанда, Оңтүстік Судандағы балалардың 51%-ы білім алу мүмкіндігінен қағылған. Ал Нигерияда бұл көрсеткіш 47%-ды құрайды. Суданда – 41%, т.б. "Қарулы қақтығыс өршіп тұрған елдерде тұратын балалардың кейбіреуілерінің, тіпті, отбасы мен баспанасы да жоқ" екенін жеткізді БҰҰ Балалар қорының білім беру департаментінің жетекшісі Джо Борн. Ең алдымен, білім алудан бұрын олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзі үлкен күш-жігерді талап етіп отырғанын да тілге тиек етті.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.