Түркістанда өгей қызын үш жыл зорлаған әкеге іс қозғалды
Түркістанда өгей қызын үш жыл зорлаған әкеге іс қозғалды
Қыз небәрі 14 жаста. Қыздың туған әкесі арызды тамыздың 20-сы күні жазған, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі "Отырар-ға" сілтеме жасап.
Қыздың сөзінше, ол 6-шы сыныпта оқып жүргенде өгей әкесінің тарапынан зорлық көре бастаған. Сорақысы, қыздың анасы бұл жағдайды біліп жүрген.22 тамызда Түркістан Полиция департаментінде ҚР ҚК 121 бабымен "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасау" қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленушінің өгей әкесі бұл істе күдікті деп танылып отыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалып, соның нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.