WhatsApp-та жаңа функциялар пайда болады

WhatsApp-та жаңа функциялар пайда болады

ашық дереккөзі

WhatsApp мессенджерінде жаңа функциялар пайда болады, - деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.  width= Қосымшаның жаңартылған нұсқасы бірнеше апта ішінде қолжетімді болатыны айтылады.

Енді жаңа функцияның арқасында қолданушылар бір-біріне анимациялық стикерлер жібере алады. Сондай-ақ, қосымшаны әзірлеушілер жаңа контактілерді қосу мүмкіндігін жеңілдетеді - енді пайдаланушының QR кодын скандаған соң ол адамның аты-жөні тізімде автомат түрде пайда болады. Сонымен қатар, әзірлеушілер топтық видеобайланыс функциясын жетілдірді. Енді видеобайланысқа сегіз адамға дейін қосыла алады, ал әрбір қатысушының түрін бүкіл экранға шығаруға болады дейді қосымшаны әзірлеушілер. https://youtu.be/u-7Sl31uH4Q  

Жүктелуде...