Індетті саясатпен байланыстырған Балғынбек Имашев ол ойынан өзгергенін айтты
Індетті саясатпен байланыстырған Балғынбек Имашев ол ойынан өзгергенін айтты
ашық дереккөзі
Айтыскер, ақын Балғынбек Имашев коронавирусқа қатысты пікірін айтты.Бұған дейін коронавинус жұқтыруың мақсаты міндетті вакцинация жасау болғанын айтқан еді. Алайда ол ойынан өзгергенін жазды.
Абайдың "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" өлеңінің мақамымен өз өлеңін жазды.
Абайша:
Басында вирус бар деп ескермедім,
Зиянын естісем де тексермедім.
Ер "кеткен соң" қабірдің қуысына,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Өзім де маска кимей төске өрледім,
"Барлығы саясат" деп дес бермедім.
Күнделікті естимін суық хабар,
Режим сақтап отырсам өстер ме едім?
Жаназадан көз ашпай, Мемлекетті,
Карантинге жапқанын теріс көрмедім.
Бұған дейін жаппай вакцинация жасауға қарсылығын білдірген айтыскер
пандемияның шығу себебі екпені енгізу деген ойын айтқан еді. Бүгінде ол ойынан айнып, ахуалдың күрделі екенін жеткізбек болды. Халықты сақтыққа шақырды.
"Аға, карантинге жабады. Бірақ үйде қамалып отырған да зиян екен денсаулыққа. Адамдар жауапкершілікті сезініп, карантин ережелерін сақтап, тәртіппен жүрсе дұрыс болар еді. Көп адам елемей жүр. Кейбіреулер тіпті өтірік деп сенбей жүр", - деп жазды Асхат Садырбай.
"Аштан өлмес, вирустан өліп жатқаны рас. Карантин болғаны дұрыс", "Бұлайаша күнде бір суыт хабар ести бергенше жабылғаны дұрыс шығар. Бізге екі айдан кейін келіп тұр ғой, Европаны шарлап. Сол кезде шетел жаңалықтарын көріп шошушы ем. Әр нәрсенің қайыры бар деген", "Күнде қаралы хабар естіп кеттік, акырғандар да жоқ емес, нанды суға малып жей тұрармыз жапсын жапса, өліп қалсақ та қалады бәрі, оның қасында аман қалуды ойлайық", - деп жазды желідегілер.